Елордалық сот халықаралық құқық қорғау орталығымен медиация және татуластыру рәсімдерін дамыту бойынша семинар-практикум өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қалалық сотында «Даулар мен келіспеушіліктерді шешудегі медиация негіздері. Сотқа дейінгі міндетті реттеу» тақырыбында семинар-практикум өтті.

Семинар-практикумның спикері ретінде Халықаралық құқық қорғау орталығының Президенті, ТМД Экономикалық сотының халықаралық делдалы, Қазақстан медиаторлар Қауымдастығының бас директоры – Жанділдә Әжіғалиұлы Жақыпов сөз сөйледі.

Татуластыру рәсімдерін қолдану сұрақтарын бойынша талқылауға  қалалық соттың судьялары, Астана қаласы судьялар Одағы филиалының, Қазақстан Халқы Ассамблеясы, «Астана қаласының білім басқармасы» ММ, Астана қаласы Нотариалды Палатасы, «Астана қаласының еңбек басқармасы» ММ, «Медиацияны дамыту орталығы» кеңесінің кәсіпқой емес медиаторлар АҚБ, адвокаттар алқасының өкілдері қатысты.

Өз сөзінде  Астана қалалық сотының судьясы Гүлжанат Рахметова, қолданыстағы дауларды реттеуді жетілдіру және азаматтардың бұзылған құқықтарын қорғау бітімгершілік рәсімдерін дамыту болып табылатынын, АПК-де татуласуды жүзеге асыру тек медиаторлар ғана емес, судьялар, сонымен бірге адвокаттарға міндеттелген, әрі тараптардың татуласуына шара қолдану және дауды реттеуге ықпал ету сот процесінің барлық сатыларында азаматтық сот ісін жүргізу міндеттерінен туындайтынын тілге тиек етті.

Гүлжанат Рахметова, сондай-ақ медиация тәртібімен міндетті сотқа дейінгі дауларды (жанжалдарды) реттеуді жекелеген санаттар бойынша жүзеге асыру жөнінде Жоғарғы Соттың пилоттық жобасының мақсаттары мен ережелерін түсіндірді.

Спикерлер, өз сөздерін,  медиация институтын насихаттау және дамыту, қақтығыстарды бітімгершілік рәсім арқылы бейбіт жолмен шешу, жанжалдарды барынша азайту, әлеуметтік тұрақтылықты және қоғамдық келісімді сақтау, сондай-ақ ҚР Жоғарғы Соттың міндетті сотқа дейінгі дауларды (жанжалдарды) жекелеген санаттар бойынша медиация тәртібімен шешуді тиімді енгізудің пилоттық жобасын іске асыру мақсатына бағыттады.

Іс-шара соңында қатысушылар пікір алмасып, практикалық тәжірибелерімен бөлісті.

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі