Елордада мемлекет мұқтажы үшін жер телімдерін алу дауларын қарау кезінде туындайтын мәселелер талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қалалық сотында өткен дөңгелек үстелдің қатысушылары прокурорлар, мемлекеттік органдардың қызметкерлері, бағалаушы мен судьялар мемлекет мұқтажы үшін алынатын жер телімдеріне байланысты дауларды қарау кезінде туындайтын өзекті мәселелерді талқылады.

"Дөңгелек үстелдің" модераторы Астана қалалық сотының судьясы Әбдіғалиева Гүлнар атап өткендей, қазіргі уақытта өзектілігіне байланысты жер дауларына   ерекше назар бөлінуде, өйткені осы санаттағы істерді дұрыс және уақытылы шешу тек қана жер-құқықтық қарым қатынастардың ғана емес, сонымен бірге қоғамның әлеуметтік-саяси жағдайының да дамуы мен жетілуіне зор ықпал етеді. Мемлекет мұқтаждығы үшін жер телімдерін алып қоюға байланысты істер және тұрақты тәжірибені анықтау сұрағыда аса өзекті болып табылады.

Спикерлердің пікірінше, аталған жағдайды кешенді көзқараста, жалпымемлекеттік, жалпыұлттық мүдделер тарапынан  ғана шешу мүмкін. Бұл ретте, жер телімдерін алып қоюға жататын тұлғаларға қысым жасалмауы тиіс.

"Дөңгелек үстелде" өзекті мәселелер егжей-тегжейлі қаралып, біркелкі сот практикасын қалыптастыру мақсатында жер қатынастары саласында туындайтын материалды құқық пен іс жүргізу нормаларын қолдану жөнінде ұсыныстар енгізілді.

Бағалау қызметіне қатысты есептерді сапалы және басқа да құжаттарды жасауға ерекше назар аударылды.

Заңға қайшы келетін, ескірген және тиімсіз іске асырылатын құқық нормаларын анықтау жолымен Жер заңнамасының тиімділігін болжау және бағалау мақсатында, Жоғарғы Соттың нормативтік қаулыларының моноторингтің құқықтық мәселелері бойынша нақты ұсыныстар тыңдалды.

"Дөңгелек үстелдің" қорытындысы бойынша тиісті ұсынымдар әзірленді.

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі