Екібастұз қалалық сотымен алиментке баланың құқығы қалпына келтірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Азаматша  А. атқарушылық іс жүргізуді қысқарту бойынша Павлодар облысының Әділет Департаменті Екібастұз аумақтық бөлімі сот орындаушысының әрекетіне шағыммен сотқа жүгінді, өзінің талабын 2016 жылдың 02 қыркүйегінде алиментті өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүргізу материалдарымен танысу барысында оған 2015 жылдың 17 маусымындағы атқарушылық іс жүргізуді қысқарту туралы қаулы табыс етілді. Атқарушылық іс жүргізуді қысқарту туралы өтініш сот орындаушының айтуымен жазылды. Нақты алғанда борышкердің  алимент бойынша үлкен берешегі бар және атқару парағын қайтару тек борышкер банкке жұмысқа орналасу үшін  жүзеге асырылған. Бұл жағдайдың ешбір құқықтық салдары оған түсіндірілмеген. 

Екібастұз қалалық сотының 2016 жылғы 04 қарашадағы шешімімен атқарушылық іс жүргізуді қысқарту және атқару құжатын қайтару туралы Павлодар облысының Әділет Департаменті Екібастұз аумақтық бөлімінің іс әрекетіне А.-ның шағымы қанағаттандырылды.

Павлодар облысының Әділет Департаменті Екібастұз аумақтық бөлімі сот орындаушысының әрекеті заңсыз деп танылды.

Қызы М.-ны асырауға А.-дан алиментті өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүргізуді қысқарту туралы 2015 жылғы 17 маусымдағы Павлодар облысының Әділет Департаменті Екібастұз аумақтық бөлімі сот орындаушысының қаулысының күші жойылды.

Павлодар облысының Әділет Департаменті Екібастұз аумақтық бөлімінің басшысы жіберілген бұзушылықтарды түзетуге міндетті.

Сот шешімі заңды күшіне енді. 

Қайнар: 
Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі