Департамент басшысы Н.Шәріпов Ахуалдық орталықтың жұмысы бойынша жергілікті соттардың әкімшілерімен жұмыс кеңесін өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету Департаментінің басшысы Нұрсерік Шәріпов Жоғарғы Соттың Ахуалдық орталығында жергілікті соттардың әкімшілері мен өкілдеріне бейнеконференцбайланыс жүйесімен жұмыс кеңесін өткізді.

Кеңеске ақпараттық технологиялар және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің басшысы Серғазы Омаш, жергілікті соттардың және кеңселердің қызметін ұйымдық-құқықтық қамтамасыз ету бөлімі басшысының орынбасары Индира Құсайнова, Ахуалдық орталықтың жетекшісі Салтанат Смағұлова, облыс соттарының және Астана, Алматы қалаларының сот әкімшілері, орынбасарлары, жергілікті соттардың кеңсе меңгерушілері мен статистикалық есепке жауапты мамандары қатысты.

Департамент басшысы кеңеске қатысушыларды Ахуалдық орталық арқылы онлайн режимде тәулік бойы 370 жергілікті соттың жұмысын 705 көрсеткіш бойынша бақылау және талдау жүргізу мүмкіндіктерімен таныстырды.

Сонымен қатар, Н.Шәріпов Ахуалдық орталықтың 25 күндік бақылау нәтижесінде жергілікті соттардың жұмысында анықталған кемшіліктерге жеке тоқталып, оларды жою және алдағы уақытта орын алмауын қатаң ескертіп, сот төрелігін жүзеге асыруды қамтамасыз етуде қажетті бірқатар нақты тапсырмалар берілді.

Кеңес барысында сот процесстерінде аудио-, бейнежазба құрылғысының қолданылуы, іс жүргізу мерзімдердің сақталуын бақылау және сот статистикасының жүргізілуі мәселелері талқыланды.

Қайнар: 
ҚР Жоғарғы Сотының баспасөз қызметі