Челахтың ісі Жоғарғы Сотқа түсті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

 Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына адвокат С.К. Сәрсеновтен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 96-бабы 2-бөлігінің  «а,в, д, к, н» тармақтарында, 172- бабының 1-бөлігінде, 175-баптың 2-бөлігі. «б, в» тармақтарында, 255-бабы 3-бөлігінің   «а» тармағында, 251-бабының  1-бөлігінде, 387-бабының 2-бөлігінде,  145-бабының  2-бөлігінде көзделген қылмыстарды жасағаны үшін өмір бойы бас бостандығынан айыруға сотталған В.В.Челахқа қатысты сот актілерін сот қадағалауы тәртібімен қайта қарау туралы өтініш келіп түсті.

Өз өтінішінде адвокат В.В.Челахқа қатысты қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттың үкімін, бірінші сатыдағы осы үкімін өзгеріссіз қалдырған әскери соттың апелляциялық және кассациялық сот алқалары қаулысының күшін толық көлемде жоюды және қылмыстық істі қысқартуды өтінеді.

ҚР ҚІЖК-нің 463-бабына сәйкес Заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарау туралы өтінішті сот ол  келіп түскен күннен бастап бір айдың ішінде, ал іс талап етіліп алынған жағдайда – іс келіп түскен күннен бастап бір айдың ішінде алдын ала зерделейді.

Аталған өтінішті алдын ала қарау қорытындысы бойынша сот қадағалауы тәртібімен іс бойынша іс жүргізуді қозғау үшін негіздердің болуы немесе жоқтығы туралы мәселе шешілетін болады.