Бүгін Қайрат Мәми Иордан Хашимиттік Корольдігі Парламенті Сенатының Төрағасымен кездесті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қайрат Мәми Иордан Хашимиттік Корольдігі Парламенті Сенатының Төрағасы Абдур-Рауф Салем Н.Рауабдемен кездесті.

Кездесу барысында Қазақстан мен Иордания арасындағы қарым-қатынастар  қарқынды дамуымен және көп қырлы сипатымен ерекшеленетіні атап өтілді. Иордания Қазақстанның Таяу Шығыстағы маңызды серіктесі болып табылады.

«Өткен жылы біз дипломатиялық қарым–қатынастардың орнағанына 20 жыл толғанын атап өттік. Осы жылдары сындарлы және сенімді диалог орнықты. Мұндай жетістікке жетуге екі мемлекеттің басшылары Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев пен Аса мәртебелі Иордания Королі Абдалла II орасан зор еңбек сіңірді» - деп атап өтті Қ.Мәми.

Сот ісін жүргізу саласындағы жаңа тәсілдерді зерделеуде, сондай-ақ сот практикасында тәжірибе, ақпарат және жетістіктерді алмасуда осы сапардың маңыздылығына ерекше назар аударылды.

Тараптар сот жүйесінде ынтымақтастықты дамыту екіжақты қарым-қатынастың барлық саласын нығайтуға септігін тигізетініне сенім білдірді.

Қайнар: 
ҚР Жоғарғы Сотының баспасөз қызметі