Баймағанбетовке қатысты қылмыстық іс кейінге қалдырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2013 жылғы 09 шілдесінде сағат 11.00-де Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасында ҚР ҚК-нің 311 бабының 5 бөлігімен сотталған С.Н.Баймаганбетовке қатысты қылмыстық іс қаралады.

Естеріңізге салсақ, 2013 жылғы 08 қаңтардағы Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Серік Нұртайұлы Баймағанбетов ҚР ҚК-нің 307 бабының 2 бөлігі бойынша кінәсі дәлелденбегендіктен, кінәсіз деп танылып,  ақталған болатын.

Ол ҚР ҚК-нің 311 бабының 5 бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, мүлкі  тәркіленіп, 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылған. Жазасын өтеу үшін қатаң режимдегі түзеу колониясы тағайындалған. ҚР ҚК-нің 41 бабының 2 және 3 бөліктерінде көзделген қосымша жаза тағайындалған, 7 жылға мемлекеттік қызметте жұмыс жасауға тыйым салынған. Бұлтартпау шарасы қамауда өзгеріссіз қалдырылған.

2013 жылғы 8 қаңтардағы Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотының үкіміне сотталған С.Н. Баймаганбетовпен оның адвокаттары Р.А. Шмаль және В.В. Халюткинмен, қорғаушы А.Н. Баймагамбетовамен шағым беріліп, мемлекеттік айыптаушы Д.И. Мусинамен наразылық келтірілген.

Астана қалалық сотының баспасөз қызметі