Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Б.Әметов: «Сот жүйесін жаңғырту сот төрелігі жүйесі қызметінің сапасын жақсартуға бағытталған»

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Бек Әметов БҚО соттарының 2016 жылғы сот төрелігін жүзеге асыру бойынша атқарған жұмыс қорытындылары туралы республикалық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған баспасөз мәжілісін өткізді.

Баспасөз мәжілісіне спикер рөлінде облыстық соттың алқа төрағалары Мирамбек Нағашыбаев пен Бақытбек Бегалиев, облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының судьялары  Есенбай Боранбаев, Судья әдебі жөніндегі комиссияның төрағасы Хабиболла Аманқұлов қатысты.

Кездесу барысында облыстық соттың алқа төрағалары облыс соттарының негізгі жұмыс көрсеткіштері, 2015 жылдың осы кезеңімен салыстыра отырып 2016 жылдың қорытындысы бойынша қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істердің статистикалық мәліметтері туралы айтты. Облыс соттарында кеңінен қолданылатын татуластыру рәсімдері және сот ісін жүргізу бағытында ендірілген инновациялық технологиялар туралы баяндады.

Диалог алаңында облыстық соттың төрағасы Б.Әметов сот жүйесін реформалаудың негізгі бағыттары және «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары аясында заң үстемдігін қамтамсыз ету бойынша сот реформаларын жүзеге асырудың қорытындылары жайында айтты. Облыстық соттың төрағасы өз сөзінде сот жүйесін жаңғырту Қазақстанда сот төрелігі жүйесінің сапасын жақсартуға және тиімді жұмыс жасауына бағытталғандығын айтты.

Баспасөз мәжілісінің спикерлері республика судьяларының VII съезінің қорытындылары және «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық Заңына енгізілген өзгертулер аясында съезде қабылданған Судьялық әдеп кодексіндегі жұмыс істеп жүрген судьялар мен отставкадағы судьялар үшін жүріп-тұрудың әдеп қағидалары туралы айтты. Сапалы судьялар корпусын қалыптастыру және судьялыққа үміткерлерді іріктеу механизмі туралы айта келіп, сот төрелігін жүзеге асырудың сапасын жақсарту бойынша алдағы жұмыстың бірқатар негізгі міндеттерін, судьялардың кәсіптік деңгейін көтеру және жалпы сот жүйесін жетілдіру жайында баяндады. Сонымен қатар, облыс соттарының өндірісіне түскен, қоғамдық серпіліс тудырған істер бойынша журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі