Жаңалықтар

Маңғыстау облыстық сотында еңбек даулары бойынша татуласу рәсімдерін қолдану мәселелері талқыланды

27/06/2017

Талқылауға судьялар, медиаторлар, үкіметтік емес ұйымдардың және кейбір заңды тұлғалардың өкілдері қатысты.

Семинар жұмысы басталар алдында облыстық соттың татуласу рәсімдері бойынша үйлестіруші-судьясы Гүлжахан Иманғалиева мен «Медиацияны дамыту орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілі Салтанат Абдухадирова ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Ақмола облыстық сотының төрағасы мамандандырылған соттарда жұмыс кеңесін өткізді

26/06/2017

Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров Ақмола облысының мамандандырылған соттарының жұмысымен танысып, судьялар және сот қызметкерлерімен кеңес өткізді.

Облыстық соттың төрағасы мамандандырылған соттарда ағымдағы жылдың 5 айы және 2016 жылдың республика бойынша мамандандырылған соттардың көрсеткіштерін салыстыра отырып жұмыс сапасын талқылады, сонымен қатар соттардың материалдық-техникалық жабдықталуымен танысты.

Алматы облысының соттары: бейнебайланыс арқылы қылмыстық істерді қарау

26/06/2017

Қапшағай қалалық соты қауіпсіздігі барынша төмен колонияға ауыстыру туралы азамат Р.-ның өтінішін қарады.

Р. 2009 жылғы 30 маусымда Алматы қаласы Медеу аудандық сотының үкімімен 11 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылуға сотталған.

Сот отырысы Р. жазасын өтеп жатқан қылмыстық атқару жүйесі мекемелерінің бірінмен бейнебайланыс арқылы өткізілді.

Сот іс материалдарын қарап, процеске қатысушыларға сұрақтар қойып, сотталғанның өтінішін қанағаттандырды.

В Мангистау обсуждены вопросы рассмотрения уголовных делах о мошенничестве

26/06/2017

Маңғыстау облыстық соты облыстық адвокаттар алқасымен қол қойған меморандумды іске асыру шеңберінде «Алаяқтықтың жаңа тәсілдеріне байланысты қылмыстық істерді тергеп-тексеру мен қараудың ерекшеліктері» атты семинар өткізді.

Семинарға Маңғыстау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ержан Қарабаев, облыстық соттың судьялары, аудандық және оған  теңестірілген соттардың қылмыстық істерді қарайтын судьялары, прокуратура, құқық қорғау органдары мен адвокатура өкілдері қатысты.

Республика соттарында Мемлекеттік қызметші күнін мерекелеуге арналған салтанатты іс-шаралар өтті

23/06/2017

Ақтөбе облыстық сотының төрағасы Мұратғали Әкетай мемлекеттік қызметші күнін мерекелеуге арналған салтанатты жиын өткізді.

Іс-шараға судьялар, жауапты сот қызметкерлері, сондай-ақ сот жүйесінің ардагерлері қатысты.

Ақмола облыстық сотында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және оған қарсы күрес мәдениетін қалыптастыру мәселелері талқыланды

23/06/2017

Ақмола облыстық соты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті, облыстық прокуратура және «Жасыл келешек» қоғамдық қорымен бірлесіп, «Сыбайлас жемқорлықпен байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу және сот жүйесінде оған қарсы тұру мәдениетін қалыптастыру» тақырыбында семинар-кеңес өткізді.

Жоғарғы Сот А.Ахметжановқа қатысты сот актілерін өзгертті

22/06/2017

Жоғарғы Сот өзінің қаулысымен а.ж. 20 маусымдағы  А.Ахметжановқа қатысты шығарылған сот актілерін өзгертті.

Сотталушының аса ірі мөлшердегі пара алуға қылмысқа оқталу эпизоды бойынша әрекеті ҚК-нің 24-бабы 3-тармағы, 366-баптың 4-тармағыны4 ірі мөлшердегі пара алу қылмысына оқталудан ҚК-нің  24-бабының 3-тармағы, 366-бабының 3-тармағының 3-тармақшасына қайта сараланды және ол бойынша 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Қазақстанның құқықтық мәселелер жөніндегі делегациясының Ұлыбританияға сапары басталды

22/06/2017

Ағымдағы жылғы 21-24 маусым аралығында Қазақстанның құқықтық мәселелер жөніндегі делегациясының Ұлыбританиядағы сапары өтуде.  

Қазақстандық топты Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Талғат Донақов бастап барды. Делегация құрамына Жоғарғы Соттың Төрағасы Қайрат Мәми, Бас Прокурор Жақып Асанов, Ішкі істер министрлігінің, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, сондай-ақ КазБар қауымдастығының басқарушы кеңесі мен адвокаттар қауымдастығының бірінші басшылары мен өкілдері кірді. 

Қырғызстан Жоғарғы Сотының өкілдері Қазақстанның электронды сот ісін жүргізудегі жетістіктерімен танысты

21/06/2017

Қол жеткізілген келісімдерге сәйкес ағымдағы жылғы 21-22 маусымда Қырғыз Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот департаментінің делегациясы Қазақстанның жоғары сот органына келді.

Пікірлер мен ұсыныстар