Батыс Қазақстан облыстық соты Ұлттық Банкінің атына заң бұзушылықтарды жою туралы жеке ұйғарым шығарды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Азамат М. "Мұнай сақтандыру компаниясы" АҚ-ның сақтандыру төлемінен бас тарту туралы шешімін заңсыз деп тану туралы талап арызымен Орал қаласының №2 сотына жүгінді.

Сот дауды қарап, М-ның талабын  қанағаттандырусыз қалдырды. Сот актісімен келіспеген М. облыстық сотқа жүгінді.

Іс материалдары бойынша, 2012 жылдың қарашасында жауапкер мен талапкер арасында қарыз алушыны жазатайым жағдайлардан ерікті сақтандыру-класы бойынша сақтандыру Келісім шарты жасалған. 2013 жылдың қаңтар айында басынан алған жарақаты салдарынан талапкерге сол жылдың тамыз айында II топ мүгедектігі беріліп, кейін ол сақтандыру өтемін төлеу туралы арызымен "МСК" АҚ-ға жүгінген.

Сақтандыру компаниясы сақтандыру жағдайын 3 жыл бойы қараған және тек 3 жыл өткен соң, 2016 жылдың тамызында азаматша М-ға жүгіну мерзімін өткізіп алуына байланысты сақтандыру сомасын төлеуден жазбаша бас тартқан.

АК-нің 817 б. сәйкес, осы шартта көзделген сақтандыру төлемдері ерікті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы басталған кезде жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, сақтандыру шартының талаптарында анықталғандай, сақтандырылғанды мүгедектікке әкеп соққанын белгілейтін шарттың қолданылу кезеңінде туындағанын жазатайым жағдайы сақтандыру болып табылады. Бұл ретте сақтандырушы сақтандыру төлемін жүзеге асырады немесе сақтанушыға барлық қажетті құжаттарды алған күннен бастап, 15 жұмыс күні ішінде  дәлелді жазбаша бас тарту жібереді

Облыстық соттың азаматтық сот алқасы орын алған заң бұзушылықты анықтап, Конституцияда белгіленген адамның және азаматтың құқықтарына, бостандықтарына қысым көрсетуге әкеп соққан, "МСК" АҚ тарапынан болған әуре-сарсаң фактісіне жол берілмеуі қажет деп шешті.

Батыс Қазақстан облыстық соты талапкердің амбулаторлық картасының түпнұсқасын, медициналық-әлеуметтік сараптаманың, сақтандыру жағдайы және мүгедектіктің туындауы бойынша шешімді ұсынбағанын алға тартып, талапкер өкілінің шағымын қанағаттандырусыз ал, сот актісін өзгеріссіз қалдырды.

Сонымен бірге, сот Ұлттық Банкінің атына тиісті ден қою шараларын қабылдау және алдағы уақытта осындай заң талаптарын бұзуға жол бермеу туралы жеке ұйғарым жолдады.

Ұлттық Банкінің жеке ұйғарымға жазбаша жауабында сақтандыру компаниясының атына ҚР «Сақтандыру қызметі туралы» және «Ұлттық Банкі туралы" Заңдарында көзделген бұзушылыққа жыл ішінде қайталап жол берілген жағдайда, санкциялар қолдану туралы жазбаша ескерту шығарды.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі