Балалар үйінің тәрбиеленушісіне мұрагерлікті қабылдау мерзімін қалпына келтірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Абай аудандық сотына азаматша В.-дан қала әкіміне мұраны қабылдау мерзімін қалпына келтіру туралы талап арыз түсті.

Азаматша К. қайтыс болған соң мұра ашылған, жергілікті атқару органымен куәландырылған өсиет бойынша талапкер мұра иесі болып табылады. Алайда, мұраны қабылдау мерзімінің алты айлық уақытын өткізіп алғандықтан нотариус мұраға құқық беру куәлігін беруден бас тартқан.

Істі қарау барысында мұрагердің дәлелді себептер бойынша мұрагерлікті қабылдау мерзімін өткізіп алғандығы анықталды.

Сот шешімімен балалар үйінің тәрбиеленушісіне өсиет бойынша мұраны қабылдау мерзімі қалпына келтірілді.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметі