Балабақша тәрбиешілері ренжіткен баланың әкесі сот арқылы 101 мың теңге моральдық шығын өндірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай қаласының тұрғыны Қостанайдағы балабақшалардың бірінен  моральдық залалды өндіру туралы шағымымен қалалық сотқа жүгінген.

Шағымданушының мәлімдеуінше, 2016 жылдың 30 қарашасында сағат 10.00 шамасында балабақшадағы тәрбиешінің көмекшісі оның қызына психологиялық қысым жасап, күш көрсеткен. Көмекшінің әрекетіне қатысты ата-анадан шағым түкен соң ол тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Алайда, осы жағдайдан кейін оның кішкентай қызы мен өзіне деген қарым қатынасы өзгерген.

Талап арыз иесінің баласы балабақшаға барудан қорқып, жиі жылап, ұйқысыздыққа тап болған. Күнделікті балабақшаға баласын әкеліп жүрген әке топқа кірген қызының қорғансыз күйін, күйзелісін сезінген.

Тәрбиешілер өзге ата-аналарды оған қарсы қойып, ал кішкентай қыз баланы «Ватсап» әлеуметтік желісінде «өсекші» деп атаған. Онымен қоймай, талапкердің жұмыс орнына шағым жолдап, оның оның жеке өмірге қол сұғушылыққа барған.    

Сот отырысы барысында 2016 жылдың желтоқсанынан 2017 жылдың ақпаны аралығында шағымданушы тарап жауапкер тараптан көрсетілген психологиялық қысым салдарынан моральдық жапа шеккені анықталды. Сонымен қатар, жауапкер баласының құқығын қорғамақ болған талапкерге өзге ата-аналарды қарсы қойып, негізсіз қудалау жасап, жұмыс орнына дейін шағым жасап, оның  жеке өміріне қол сұққан.

Сот шешімімен шағым ішінара қанағаттандырылып, азамат К.-нің пайдасына жауапкерден 101 мың теңге моральдық залал өндірілді.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі