Азаматтық дау медияция тәртібімен реттелді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Іскерлік беделге дақ тигізетін мәліметтерді жоққа шығаруды міндеттеу, жалған ақпараттар таратуды тоқтату және моральдық залалды өндіріп алу туралы дау медиация тәртібінде қарастырылды.

Алматы қаласы Бостандық аудандық сотында  талапкер КММ «Неврологиялық аурулары бар мүгедек балаларға арналған Алматы қалалық интернат үйінің» «Ж» жауапкерге  іскерлік беделге дақ тигізетін мәліметтерді жоққа шығаруды міндеттеу, жалған ақпараттар таратуды тоқтату және моральдық залалды өндіріп алу туралы талап арызы бойынша қозғалған азаматтық іс  медиация тәртібінде қарастырылды.

Азаматтық іс материалдарына сәйкес, 2016 КММ «Неврологиялық аурулары бар мүгедек балаларға арналған Алматы қалалық интернат үйінің» директоры  «Ж» жауапкерге  іскерлік беделге дақ тигізетін мәліметтерді жоққа шығаруды міндеттеу, жалған ақпараттар таратуды тоқтату және 1000000 теңге мөлшерінде моральдық залалды өндіріп алу туралы арызбен жүгінген. 2016 жылдың шілдесінде жауапкер «Ж» талапкерден дене жарақаттарын алдым деген айыппен Алматы қаласы Әкімдігіне жүгінді. Тексеріс нәтижелері бойынша қандай да бір бұзушылық анықталмады.

 Азаматтық істі қарастыру барысында екі тараптан да медиация тәртібінде дауды реттеу туралы  арыз түсті. Келісімге сәйкес,  талапкер өзінің барлық талаптарынан бас тартуға, ал жауапкер бес күн ішінде басқа органдарға жолданған өз шағымдарын қарастырусыз қалдырсын деген арыз жазуға, КММ «Неврологиялық аурулары бар мүгедек балаларға арналған Алматы қалалық интернат үйінің» қызметкерлеріне  қатысты құқық қорғау органдарына, мемлекеттік мекемелерге және қоғамдық ұйымдарға шағымдармен  жүгінбеуге міндеттенді. Тараптар болашақта болатын пікір-таластарды бұқаралық ақпарат құралдарысыз шешуге келісті.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Алматы қалалық сотының ақпарат қызметі