Аязбековке қатысты наразылық қанағаттандырусыз қалдырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгінде қоғам арасында біреудің ала жібін аттап, әділдік қағидасын айналып өтіп, өзгенің көз жасына қалу сияқты әрекеттер белең алып отыр. Яғни өзгенің өміріне қауіпті (қауіпсіз) күш қолдану арқылы оларды қорқытып, оларға жұдырық көрсету сынды әрекеттерді қайталау әдетке айналып бара жатыр. Осындай тақылетті істердің бірі 25 маусымда Жоғарғы Сотта қаралды.

Атап айтқанда Бас прокурордың наразылығы бойынша Азамат Аязбековке қатысты заңды күшіне енген сот актілері қайта қаралды. Естеріңізге салсақ, ол Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен ҚР Қылмыстық Кодексінің 181 б. 3 б. «а» т. бойынша, яғни күш қолдану арқылы қорқыта отырып, ұйымдасқан топ құрып, қатыгездікпен қарау және адамдардың ар-ожданына бірнеше рет нұқсан келтіре отырып, жәбірленушіні өзін-өзі өлтіруге әкеп соқтырғаны үшін, сондай-ақ, ҚР Қылмыстық Кодексінің 321 б. 1б. бойынша қызметтік міндеттерін орындау барысында билік өкіліне қатысты күш қолданғаны үшін сотталған болатын.

Ал қылмыстық істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасы аталған іс бойынша сот актілерін өзгеріссіз, Бас прокуратураның шығарылған наразылығын қанағаттандырусыз қалдырды.

«Қолданыстағы қылмыстық заңнамаға сәйкес, сотталушының әрекеттері дұрыс сараланған, қылмыстық іс жүргізу барысында заңның бұзылуына жол берілмген. Сондықтан қадағалаушы сот алқасы Аязбековке және басқа адамдарға қатысты сот актілерін өзгеріссіз, Бас прокурордың наразылығын қанағаттандырусыз қалдырды. Біз қылмыскерлердің тиісті жазаларын алғандығына сенімдіміз» –деп, Жоғарғы Соттың  қылмыстық істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасының төрағасы Ақылтай Қасымов сот қаулысын жариялады.

ҚР Жоғарғы Сотының баспасөз қызметі