Атырауда Судьялар одағы филиалы мен Кәсіпкерлердің ұлттық палатасының басшылары өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облыстық соты «дөңгелек үстел» өткізіп, оның барысында  судьялар, Кәсіпкерлердәі ұлттық палатасы, адвокатура мен прокуратура өкілдері жеңілдетілген бұйрық өндірісін қолданудың өзекті мәселелерін талқылады.

 Іс-шараға қатысушылар процестік заңдылықтарды жетілдіру шеңберінде сот өндірісіне жаңашылдықтарды енгізудің тиімділігін атап өтіп, сот рәсімдерін жеңілдету, соның ішінде, істі сот талқылауына дайындау және азаматтық істердің қаралу мерзімдерін қысқарту мәселелерін қарастырды.

«Дөңгелек үстел» барысында Судьялар одағының өңірлік филиалы мен Кәсіпкерлердің ұлттық палатасы басшылары арасында татуласу рәсімдері институтын дамыту бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Іс-шарада сөз алған Судьялар одағы филиалының төрағасы А.Тәшенова аталған құжатты жүзеге асыру шеңберінде бизнестің құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын заңдылықтарды одан әрі жетілдіру мәселелерінде бірлескен ынтымақтастық, бизнес субъектілерінің қатысуымен сот істерін қарауда ұйымдастырушылық-құқықтық қамтамасыз ету және экономикалық даулардағы әдістемелік көмек қарастырылғаны туралы айтып өтті.

Кәсіпкерлер палатасының директоры А.Жәкішевтің көзқарасы бойынша меморандум дауларды (жанжалдарды) сотқа дейінгі және соттан тыс реттеу институтын жан-жақты дамыту мен белсенді енгізу бойынша өзара ықпалдастықты арттыратын болады.

Құжатқа қол қоюға қатысушылар Ұлттық палата өкілдерінің сот ақпаратына қолжетімділігін кеңінен қамтамасыз ету әрекеті меморандумның маңызды кезеңі екеніне тоқталды.

Қайнар: 
Пресс-служба Атырауского областного суда