Атырауда сот шаруа қожалығынан бұрынғы жұмысшының пайдасына 5 миллион теңге моральдық зиян өндірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ж. Атырау облысының Құрманғазы аудандық сотына шаруа қожалығынан жан азабы мен тән азабына ұшыратып, денсаулығына келтірген зиян үшін 20 000 000 теңге моральдық зиян өндіру туралы талап арызымен жүгінді.

Талап қоюшы Ж.К. талап қою арызында 2002 жылы шаруа қожалығында электрик болып жұмыс жасап жүріп, басшысының тапсырмасы бойынша электрмонтаждау жұмыстарын атқару кезінде электр кернеуіне соғылғанын, оқиға нәтижесінде екі қолынан айырылып, бірінші топтағы мүгедектік алғанын көрсеткен. Бұрын сот мекемеден оның пайдасына денсаулығына келтірілген зиян үшін белгілі бір сомада материалдық шығын өндірген.

Құрманғазы аудандық соты Ж.-ның талап арызын ішінара қанағаттандырып, оның пайдасына шаруа қожалығынан 5 000 000 теңге моральдық зиян өндірді.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі