Атырауда халықаралық сарапшылар соттық жетекшілік бойынша тренинг өткізуде

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау қаласында еліміздің батыс аймағы сот корпустарының ментор және протежелеріне арналған екі күндік тренинг басталды.

Шара Жоғарғы Соттың бастамасымен Европалық Одақтың «Қазақстандағы қылмыстық жүйені жетілдіру» жобасын жүзеге асыратын  NI-CO компаниясымен ұйымдастырылды.

Тренингке Жоғарғы Соттың судьясы Баян Тоқтарова, халықаралық сарапшы тренерлер Иэн Карстен және Глин Хукингз, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе және Атырау облыстарының судьялары қатысты.

Шараны алғы сөзбен Атырау облыстық сотының төрағасы Марғұлан Бектұрғанов ашып, ол күнделікті сот жұмысы судьяның бойында белгілі бір өмірлік тәжірибенің болуын және ең жоғарғы моральдық стандарттарға сай келуін талап ететінін айтты. «Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін сот оқуы Стратегиясының құрамалы бөлігі ретінде бізде менторлық бағдарламасы қабылданып, әрекет етуде» - деді ол. Жас судьялар санының артуына байланысты бұрынғыша олардың жаңа қызметке бейімделуі күрделі мәселе болып отыр. Аталған тренингтің бұл жағдайды реттеуге ықпал ететіндігіне сенімдімін.

Жоғарғы Соттың судьясы Баян Тоқтарованың пікірінше, тренинг ментор мен протеже ара-қатынасы процесінде жаңа комунникативті қасиеттерді дамытуға мүмкіндік береді.

Иэн Карстен мәлімдемесінде: «Фемида өкілдеріне жаңа курс бойынша дәріс беру үлкен мәртебе. Менторлықты дамыту сот қауымдастығының сәтті әрі табысты дамуына серпін береді» - деп атап көрсетті.

Екі күн бойы қатысушылар сарапшылармен дайындалған курстар шеңберінде менторлық процестің негізгі кезеңдерін зерттейді. Курста тыңдаушыларға жаңашылдықтарды меңгеруге мүмкіндік беретін түрлі оқыту әдістері қарастырылған.

Қайнар: 
Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі