Атырау судьялары VII судьялар съезінің қорытындысы бойынша брифинг өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінің Атырау бойынша филиалында БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Қазақстан Республикасы судьяларысының VII съезі» тақырыбында брифинг өтті.

Шараға спикер ретінде съез делагаттары Судьялар Одағы филиалының төрағасы Е.Үбіғалиев, облыстық сот судьясы Р.Аққұлова, Атырау қаласының №2 сотының төрағасы А.Ташенова және қалалық соттың судьясы М.Саримова қатысты.

Брифинг Е.Үбіғалиевтың сөзімен басталды, ол «100 Нақты қадам» Ұлт жоспарына сәйкес сот жүйесіндегі жүргізіліп жатқан реформалар, судьялар Одағының кезектен тыс VІІ съезінің өткізілуі, осы съезде қабылданған судьялар әдебі Кодексі туралы айтты.

Р.Аққұлованың пікірінше, судьялар әдебі Кодексі қызметтегі судьялар мен доғарыстағы судьялардың жүріс-тұрыс әдеп ережесін айқындайды, Кодекс сот жүйесінің моральдық беделін нығайтуға, халықтың сенімі деңгейін көтеруге бағытталған.

Өз кезегінде А.Ташенова съезде заңдылықтағы жаңашылдықтар, соның ішінде, АПК бойынша прокурордың қатысу мәселелері талқыланғандығын атап өтті.

Жас судья М.Саримова съезден алған әсерлерімен бөлісті.

Спикерлер БАҚ өкілдерінің тарапынан туындаған барлық сқрақтарына жауап берді.

Қайнар: 
Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі