Атырау облыстық сотында ҚР «Оңалту және банкроттық туралы» Заңының қолданылу тәжірибесін талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облыстық сотында «дөңгелек үстел» өткізіліп, оның қатысушылары кәсіпорындарды оңалту және банкроттығының жаңа механизмін жүзеге асыруда туындайтын өзекті мәселелерді талқылады.

Облыстық соттың Оқу бағдарламаларының жетекшісі судья Г.Нұржігітова оңалту және банкроттық туралы заңдылыққа енгізілген соңғы өзгертулердің ерекшеліктеріне тоқталды. Сонымен қатар, құрылтайшылар мен борышкердің басшыларын субсидиарлық жауапкершілікке тарту механизміне қатысты мәселелерге назар аударды.

«Дөңгелек үстел» барысында банкроттық рәсімі бойынша әкімшісі Д.Есенгалиева және мемлекеттік кірістер Департаментінің банкроттықты оңалту бөлімінің өкілі Э.Онгарова баяндама жасап, тыңдаушыларды оңалту және банкроттық рәсімінде тұрған кәсіпорындардың алдын ала, жалған банкроттығын анықтау, басшыларды (құрылтайшыларды) субсидиарлық жауапкершілікке тарту бойынша әкімшілік қызметінің тәжірибесімен таныстырды.

Экономикалық соттың судьясы М.Сембин ол сотта қалыптасқан банкроттық тәжірибесі туралы баяндаманы ұсынды, сондай-ақ, сот және басқарушылардың өзара байланысы аспектілерін айқындады.

«Дөңгелек үстел» қорытындысы бойынша қатысушылар оңалту және банкроттық саласындағы құқық қолдану тәжірибесіндегі өзекті мәселелерді, оларды шешу жолдарын табуды талқылады.

Қайнар: 
Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі