Астанада сот үкімінің орындалуын іске асыру мәселелері талқылынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық сотында қалалық Әділет департаменті, Жеке сот орындаушылар палатасының сот орындаушылары, ІІД Көші-қон полициясы қызметі, Мемлекеттік кіріс департаменті өкілдерінің қатысуымен сот актілерінің орындалу мәселелері бойынша «дөңгелек үстел» өтті.

Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық соты төрағаның міндетін атқарушы Айгүл Жамансариева қылмыстық іс бойынша негізгі жаза ретінде айыппұл салу кеңінен қолданылатынын атап өтті. Оның айтуынша, 2016 жылдың 12 айында сот қылмыстық жаза ретінде 136 тұлғаға қатысты айыппұл салса, соның ішінде 113 тұлға қылмыстық теріс қылық жасаса, жеңіл және ауырлығы орташа қылмыстар бойынша – 11 тұлға, ал қалған 8 тұлға сыбайлас жемқорлық бойынша құқық бұзушылық жасаған. Сыбайлай жемқорлық бойынша құқық бұзушылық жасаған тұлғалар айыппұлды толық көлемде төлеген.

Сонымен қатар, сот үкімі орындалмай қалғаны бойынша қасақана түрде Қазақстан Республикасының бақылау бекеті жоқ мемлекеттік шекарасынан заңсыз түрде кесіп өткен шетел азаматтарына қатысты бөлігі қалып, оларға қатысты негізгі жаза қосымша жаза айыппұл ретінде республикадан тысқары жерге шығарып жіберу қолданылған. Бұл жағдайда сот тарапынан сот актісін орындау мүмкін еместігі мәлімденген дәлелді жауап жолдану қажеттілігі судьялардың назарына ұсынылды.

Іс-шара барысында атқару өндірісін жүзеге асыру органдарының өкілдеріне ауырлығы орташа қылмыстар мен қылмыстық әрекеттер жасаған тұлғалардың жазадан босатылуы қарастырылған, 2016 жылдың 14 желтоқсанындағы «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңына түсіндірме жүргізілді.  Осы ретте,  рақымшылық жасау туралы акті қолданылатын сотталғандарға қатысты заңның іске асырылуына бағытталған бірқатар шараларды қысқа мерзімде қабылдау ұсынылды.

Бұған қоса, атқару парақтарын жолдауда туындайтын мәселелер мен оларды шешу жолдары талқыланды. 2016 жылдың наурыз айынан бастап атқару парақтары электронды түрде әділет органдары мен жеке сот орындау палаталарына «Төрелік» ақпараттық-талдамалы жүйесі және атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы жолданады. Осы жаңашылдықты жүзеге асыру барысында атқару парағын беру уақыты қысқарды және электронды атқару парағы жолданғандықтан, атқару парақтарын жоғалтып алу мәселесі түбегейлі шешімін тапты. Осы бойынша сот және «Сот кабинеті» сервисін пайдаланушылар атқару өндірісінің мәртебесі туралы мәлімет біле алады.

Іс-шара соңында жұмыс барысының тиімділігін арттыратын ұсынымдар қабылданды.

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі