Астанада «Отбасы – Ұлы құндылық» ескерткішінің салтанатты ашылу рәсімі өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласының Кәмелет жасына толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Отбасы – Ұлы құндылық» мүсіндік композициясының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Монументтің салтанатты ашылуына Жоғарғы Соттың судьялары Ғалия Ақ-қуова, Зәуре Кейкібасова, Ұлбосын Сүлейменова, Астана қалалық сотының төрағасы Тілектес Бәрпібаев, ювеналдық соттың төрағасы Нәзиля Раззақ, судьялар, ювеналдық полицияның, ҮЕҰ және халықаралық ұйымдар (ЮНИСЕФ, PRI, Еуропалық одақтың Қазақстандағы өкілдігі) өкілдері қатысты.

Ювеналдық сот ғимаратының алдына қойылған ескерткіштің авторы мүсінші Ринат Абенов. Ескерткішті тұрғызуға Жоғарғы Сот бастамашылық танытты. 

Астана қалалық сотының төрағасы Т.Бәрпібаев ескеркіштің құрылуына үлес қосқан барлық азаматтарға алғысын білдіріп, композиция бірліктің, толыққанды отбасының маңыздылығы мен қолдауын,  рухани байланысқан, тұрмысы ортақ және өзара моральді жауапкершілікпен құралған некеге негізделген жұбайлардың балаларымен бірге қоғамның негізі болып табылатынын тілге тиек етті.

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі