Астанада «Қоғамдық келісімді қамтамасыз етуде - медиация институтының рөлі» тақырыбында диспут- форум өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астанада Қазақстан Халқы Ассамблеясы Медиация Кеңесінің бастамасымен «Қоғамдық келісімді қамтамасыз етуде - медиация институтының рөлі» тақырыбында диспут-форум өтті.

Форумға Қазақстан Республикасы Перзидент Әкімшілігінің Қазақстан Халқы ассамблеясының Хатшылығының меңгерушісі-төрағасының орынбасары Е.Тоғжанов, ҚР Парламент  Мәжілісінің депутаты, Қазақстан  халқы Ассамблеясы медиация Кеңесінің төрағасы Б.Әбдірайым, заң ғылымдарының докторы, профессоры үйлестіруші кеңесінің төрағасы, Ресей Федерациясының профессоры, медиаторлар халықаралық ұйымының Президенті Ц.Шамликашвали, Қазақстан Республикасы Судьялар Одағының төрағасы, Қарағанды облыстық сотының төрағасы М.Әлімбеков, кәсіби медиаторлар, облыстық және аудандық соттардың судьялары, ҮЕҰ-дың өкілдері қатысты.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы Ұлбосын Сулейменова  және Шығыс Қазақстан облыстық сотының судьясы, Қазақстан халқы Ассамблеясы медиация Кеңесінің мүшесі Елдос Жұмақсанов баяндама жасады.

         Ұ.Сүлейменова жекеленген санаттағы дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейін реттеуге бағытталған жаңа  пилоттық жобаның маңыздылығын атап өтті. Судья жобаның маңыздылығын ескере отырып, жоба шеңберінде келесі санаттағы даулар (жанжалдар): баланың мүдделерін, баланың тұрғылықты мекен жайын және ата-анасының баласымен қарым-қатынасын анықтауға, баланы бөгде тұлғалардан алуға, кәмелетке толмаған балаларды жеткізуге  алимент өндіріп алуға бағытталған.  Сондай-ақ,  некені бұзу және мүлікті бөлу, мұрагерлік даулар, жер телімінің шекарасын бекіту, пәтерлерден шығару және кондоминиум басқару мәселелері, қарыз шарттарға, кейбір еңбек даулары  бойынша медаицияны міндетті түрде жүргізілетіндігін айтты. Сот медиациясы еріктілік,  тең құқылылық,  бітімгершілік рәсімдерді жүзеге асыратын судьяның тәуелсіздігі мен бейтараптылығы, медиация рәсіміне араласуға жол бермеушілік, құпиялылық, қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес келу қағидаттары негізінде жүргізіледі.

Е.Жұмақсанов тек 2016 жылы ШҚО соттарымен медиацияны қолдану арқылы  барлығы 8 969 (8,4%) істер аяқталған, оның ішінде 853- (19,5%) қылмыстық, 4 923- (7,4%)  азаматтық, 3 083 (8,5%) әкімшілік  істер аяқталғандығын айтты. Осылайша, статистикаға көз жүгірсек, 2014 жылдан бері татуластыру рәсімін қолдану үш есеге артқан. Бұл көрсеткіштер жай ғана сандар емес, бұл – Шығыс Қазақстан облысының барлық соттарының төрағалары мен судьяларының  атқарған жұмыстарының нәтижесі.  Ол орындауға  жататын жазбаларға қатысты «Медиация туралы» және «Нотариат туралы»  Заңдарға өзгерістер еңгізу жөнінде ұсыныстар айтты. 

Форумның қорытындысында қатысушылар Қазақстан халқы Ассамблеясының ішінде Ұлттық медиаторлар Ассоциациясын құру, 2017 жылдың екінші жартыжылдығында «I  медиаторлар Съезін» өткізу, сондай-ақ, мемлекеттік заңнаманың көмегімен медиаторлардың ақылы жұмыс жасау механизмін құрып,  Қазақстан халқы Ассамблеясы ішінде өнірлердегі мамандандырылған медиаторларды, сарапшы медиаторларды және тәжірибе алушы медиаторларды дайындау мақсатында медиация институтын дамыту мақсатында үнемі жұмыс атқаратын ұйым құру туралы шешімдер қабылдады.

Жұмыс соңында  Қазақстан  халқы Ассамблеясының медиация Кеңесі мен Ресей Федерациясының Ұлттық медиаторлар  ұйымы, сондай-ақ Қазақстан  халқы Ассамблеясының медиация Кеңесі мен Ресей Федерациясының Федералды медиация институты медиация институтын дамытуға қатысты  Меморандумға қол қойып,  осы Меморандумды жүзеге асыруға бағытталған Жоспарды да бекітті. Қол-қою диспут-форум төңірегінде өткізілді.

Меморандумды бекітудің мақсаты қоғамдағы даулардың деңгейін төмендету үшін, дауларды сотқа жеткізбей реттеуге бағытталған шараларды, соның ішінде медиация институтын ортақ шараларды жүзеге асыру арқылы дамыту болып табылады.

Қайнар: 
Шығыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі