Астана қалалық сотында еңбек дауларын қарау кезіндегі жаңа Еңбек кодексінің нормаларын қолдану мәселелері талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты және Қазақстан кәсіподақтарының федерациясының бастамасымен Астана қалалық сотында «Еңбек дауларын қарау кезінде жаңа редакциядағы Еңбек кодексінің нормаларын қолдану мәселелері» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

Іс-шараға Жоғарғы және жергілікті соттардың судьялары, Парламент Мәжілісінің, Бас прокуратураның, Республикалық адвокаттар алқасының, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, ішкі істер министрліктерінің, сондай-ақ Қазақстанның Кәсіподақ федерациясының, ғылыми ұйымдардың өкілдері қатысты.

Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасы төрағасының м.а. Н.Қайыпжан іс-шараны аша отырып, жаңа редакциядағы Еңбек кодексі Ұлт жоспарының 83-қадамын жүзеге асыру шеңберінде қабылданғанын және 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап еңбек заңнамасы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) стандарттарына сәйкес келетінін, жұмыс беруші мен жұмыскердің мүдделерінің тепе-теңдігіне бағытталған жаңа модельге негізделгенін атап өтті.

«Дөңгелек үстелдің» мақсаты – еңбек заңнамасындағы өзгерістер бойынша құқық қолдану тәжірибесінде туындайтын өзекті мәселелерді талқылау және оны жетілдіру мүмкіндігін қоса алғанда тиісті ұсыныстарды қалыптастыру.

Ұлт жоспары мен «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Елбасы жолдауын, ЭЫДҰ-ның ұсынымдары мен озық тәжірибелерін енгізуде жүзеге асыру шеңберінде аталған тақырып өзекті болып табылады.

«Дөңгелек үстелге» қатысу барысында еңбек заңнамасы бойынша жаңашылдықтарды қолданудың мәселелері талқыланып, оны жетілдіру бойынша ұсыныстар айтылды.

Өзектелендіру және сот практикасына жаңа құқықтық институт енгізу үшін ағымдағы жылы еңбек заңнамасын қолдану жөніндегі практиканы келешекте Жоғарғы Сот тарапынан қорыту және жаңа нормативтік қаулыны қабылдау жоспарланып отыр.

Іс-шара соңында тиісті ұсынымдар әзірленді.

Қайнар: 
Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі