Ашықтық аясында

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгінде жаһандану үрдісіне бағытталған қоғамдық құбылыстарды, әлеуметтік-экономикалық маңызы бар ақпараттарды жұртшылыққа жеткізуде БАҚ-тың орны бөлек. Соның ішінде қоғамдық пікірдің тұтқасын ұстаған баспасөз өкілдері сот саласының қызметіне қатысты ақпараттарды жариялауда «қамшы салдырған» емес. Осы мақсатта Жоғарғы Сотта сот өкілдерінің БАҚ-пен жұмыс жасауда тиімді әдістерді қолдана білуін үйретуге арналған екі күндік семинар-трениг өтті. 

Оның жұмысына Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі және республикамыздың әр өңірінен келген БАҚ-пен өзара әрекет жасау жөніндегі баспасөз орталығының судья-үйлестірушілері, баспасөз хатшылары қатысты. 

Іс-шара соттардың қызметін қамтамасыз ету жөніндегі Департаменті «Медиа Стандарттар Институтының» қоғамдық қорының қолдауымен  ұйымдастырды. Аталған тренингті Қазақстандағы танымал телепродюсер

Ержан Сүлейменов, медиатренер және блогер, сондай-ақ тележүргізуші Камила Жүсіпова жүргізді. 

БАҚ-пен жұмыс жасауға қызығушылық танытқан сот өкілдері теориялық тұрғыдағы нұсқаулықтарды ғана емес, сонымен қатар қоғамды хабардар етудің ең негізгі әдістері, яғни баспасөз конференциялары мен брифингтерді ұйымдастыру, БАҚ-тың өкілдеріне  баспасөз хабарламасының қалай жазылу керектігі, баспасөз немесе интернет-ресурс көздеріне  үйлестіретін материалдарды сапалы ойластыру, шараларды тиімді ұйымдастыру технологиясы, ақпарат берудің түрлері және жаңалықтар легін тасымалдау әдістерін қалай ұйымдастыруға болатындығын жан-жақты түсіндірді. 

Сонымен қатар, БАҚ өкілдерін әлеуметтік маңызы бар мәселелерге аудару және өзара ауызекі сөйлесуін жеңілдету мақсатында, семинардың ерікті және тартымды өтуіне ықпал жасау, олардың сауалдарына қалай жауап беру және соттардан ақпаратты алу барысында әртүрлі жанжал туғызатын оқыс оқиғаларды болдырмау, аудитория мен телекамераның алдында өзін  ұстау және киім кию мәдениетіне қатысты мәліметтерді толығырақ баяндады.

Семинарды тартымды еткен тағы бір қыры қатысушылардың спикер, модератор және тілшілердің бейнесін сомдауы болды. 

Шара барысында әр облыстан келген сот өкілдері күн тәртібіндегі мәселені талқыға салып, әр өңірде ақпараттарды жариялауда қолданылған әдіс-тәсілдердің тәжірибесімен бөлісті. Сұхбаттасу барысында қызуқанды пікір алмасып, сот әдебінің ережелерін сақтау және өзге де мәселелер төңірегінде ой толғады.

Семинар-тренингке қатысушылармен Жоғарғы Соттың Төрағасы Бектас Бекназаров кездесіп, сот саласына қатысты ақпараттық кеңестіктегі мазмұнды ойлармен пікір бөлісті. Қоғамдық маңызы бар істерді БАҚ-та уақтылы әрі сапалы жариялау, сот ардагерлері мен сот қызметіне еңбегі сіңген азаматтардың еңбек жолын насихаттау және шығарылған сот актілеріне қатысты түсіндірме беру жұмыстарын жүргізу туралы нақты тапсырма жүктеді.

«Қашанда мен үшін ақпарт жаршыларының орны бөлек. Себебі  әділдік пен заңдылыққа  бағытталған сот жүйесінің қызметі бұқара үшін әрдайым ашық әрі қолжетімді болуға тиіс. Міне, сот қауымдастығының  алдында үлкен шешуші кезең тұр. Қараша айында Елбасының қатысуымен өткізілетін республика судьяларының 6-шы сьезіне дайындық жұмыстары жүргізілуде. Сондықтан, Сіздерді ашықтық қағидасына бағытталған ақпараттар легін толастатпай, халық игілігіне қызмет атқаруға шақырамын» - деді төраға.

Кездесу соңында қонақтар Жоғарғы Сот басшылығына алғыс білдіре отырып, осындай маңызы бар шаралардың жиі өтуіне өтініш тілектерін білдірді.

ҚР Жоғарғы Сотының баспасөз қызметі