Алматы облыстық сотының судьясы өз бетімен салынған тұрғын үйге меншік құқығын тану туралы дауларды қарастыру тәжірибесін журналистерге түсіндірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы облыстық сотының судьясы Арыстанбек Стыбаев брифинг өткізіп, онда жалданған жер учаскесінде өз бетінше салынған тұрғын үйге меншік құқығын тану туралы сот практикасын түсіндірді.

Арыстанбек Стыбаев өз сөзінде журналистерге бұрын өз бетінше құрылыс салуда құрылыс салушы уәкілетті органға әкімшілік айыппұл төлеген және рұқсат құжаттары болмаған жағдайда да өз бетінше құрылыс салуды заңдастырғанын айтты. 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап құрылыс салушы құрылыс және  қабылдауды мердігерден техникалық және авторлық қадағалау мамандарымен бірлесіп жүзеге асырады.

Өйткені көптеген жер учаскелері үйлер салу үшін уақытша мемлекеттік акті бойынша 2-4 жылға 2012 жылдан 2016 жылдарға арналған жалға алу құқығы негізінде берілген. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» (3.12.2015 жылғы өзгерістерімен және толықтырулармен) жаңа Заңын қабылдауына байланысты құрылысты рұқсатсыз жүзеге асырған және өз бетінше салынған объектілерді әкімшілік айыппұлдар төлеу арқылы заңдастырамыз деп санаған азаматтар, салынған объектілерді заңдастыра алмайды, осыған байланысты соттарға жаппай өтініштерді тудырады.

Судья атап өткендей, өткен 5 айда облыс соттарымен өз бетінше салынған тұрғын үйге меншік құқығын тану жөнінде 354 азаматтық іс қаралды, соның ішінде 229 талап арыз сот  тарапынан қанағаттандырылған.

Брифинг барысында журналистер тұрғындарды қызықтыратын сұрақтар қойып,  оған судья заңнамаға сәйкес жауап берді.

Қайнар: 
Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі