Алматы облыстық сотында сот атқару құжаттарын орындау мәселелері талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы облыстық соты «Атқарушылық іс жүргізу органдары автоматтандырылған ақпараттық жүйесі» (АІЖО ААЖ) арқылы жіберетін сот атқару құжаттарын орындауға қатысты түйткілді мәселелерге арналған «дөңгелек үстел» өткізді.

«Дөңгелек үстел» жұмысына Алматы облысы бойынша соттар әкімшісінің басшысы, Алматы облысының әділет департаменті, жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы, Алматы облысы бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі баскармасының өкілдері және бейнебайланыс арқылы облыстың аудандық және оларға теңестірілген соттарының кеңсе меңгерушілері қатысты.

Соттар әкімшісінің басшысы Манас Бурашев соттардан атқарушылық құжаттарды электронды түрде алу және соттардың сот орындаушыларының қаулыларын электрондық санкциялау функционалдары республика бойынша 2016 жылғы наурыздан бастап қолданысқа енгізілгенін атап өтті. Соттар атқарушылық құжаттарды электронды түрде «Төрелік» ААЖ мен АІЖО ААЖ арқылы әділет департаментіне орындауға жолдайды, онда бекітілген қызметкер атқарушылық құжаттарды тиісті аумақтық бөлімдерге өндіріп алу санаты бойынша бөлуді жүзеге асырады.

Аталған жаңалықтарды жүзеге асырудан, ең алдымен, сот орындаушыларының атқару құжаттарын ұсынуға қажетті уақыты қысқарып, атқарушылық құжаттың электрондық түрі болғандықтан, оны жоғалтып алу мүмкіндігі жойылады, сондай-ақ соттар және «Сот кабинеті» сервисінің қолданушылары құжаттардың орындалуы туралы мәртебені ала алады.

«Дөңгелек үстел» барысында қатысушылар атқарушылық құжаттарды жіберу кезінде туындайтын күрделі мәселелерді және оларды шешу жолдарын талқылады.

Іс-шара соңында қатысушылар көрсетілген бағыттағы жұмыстардың тиімділігін арттыру мақсатында ұсыныстар әзірледі.

Қайнар: 
Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі