Алматы облыстық соты 2017 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша сот төрелігін жүзеге асырудың қорытындысын шығарды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы облыстық сотында Жоғарғы Сотының судьясы, Сот жюриінің төрағасы Моряк Шегенов, облыстық соттың төрағасы Мейрамбек Таймерденов, алқа төрағалары, облыстық,  аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары, сондай-ақ, БАҚ өкілдерінің қатысуымен 2017 жылдың бірінші жартыжылдығындағы сот төрелігін жүзеге асырудың қорытындысы бойынша кеңейтілген кеңес өтті.

Іс-шараны аша келе, М. Таймерденов заң үстемдігін қамтамасыз ету бойынша негізгі жұмыс қорытындылары туралы хабардар етті. Мәселен, есепті кезеңде соттар қараған істердің саны өсті, атап айтқанда 34 501 іс (соның ішінде 24 203-і – азаматтық, 1 893-і – қылмыстық, 8 405-і – әкімшілік іс) қаралды. Сырттай іс жүргізу тәртібімен қаралған істердің көрсеткіші азайды, барлығы 2 іс немесе 0,01% және оңайлатылған өндірісте қаралған істердің саны барлығы  5 373-ке, яғни 73% -ға өсті.

Татуластыру рәсімдерін қолдана отырып қаралған сот істерінің саны артты, яғни, 1081 азаматтық, 453 қылмыстық және 222 әкімшілік іс, апелляциялық сатыда – 12 іс, бұл өткен кезеңмен салыстырғанда 1286-ге артық, соның ішінде 795 азаматтық және 491 қылмыстық іс қаралды.

Облыстық сот төрағасы апелляциялық және кассациялық тәртіппен қылмыстық істер бойынша 3,4 %-ды құраған 67 адамға қатысты сот актілерінің күшін жою мен өзгерту көрсеткішінің артқаны туралы атап өтті. Бұл 2016 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 2,5%-ды құраған.

Осы ретте, азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асырудың сапасы өткен кезеңмен салыстырғанда сол деңгейде қалды, ал әкімшілік істер бойынша жоғары сатылар күшін жойған және өзгерткен сот актілерінің саны айтарлықтай азайды (2017 жылы 9 қаулы болса, 2016 жылы 24 қаулы). Сот төрағасы атап өткендей, барлық күші жойылған және өзгертілген сот актілері бойынша соттарда жан-жақты талдау жүргізілуде, нәтижесінде өрескел заң бұзушылыққа жол берген судьяларға қатысты қатаң шаралар қабылдануда.

Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Советхан Сәкенов есепті кезеңде облыс соттарының қарауына түскен қылмыстық істердің саны 420 іске азайды, атап айтқанда, 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында 1893 іс, ал 2016 жылдың сол кезеңінде 2 313 іс түскен болатын. Облыс соттары ағымдағы жылы 29 адамды ақтады, 1 060 адамға қатысты 933 қылмыстық іс үкім шығарумен аяқталды, соның ішінде, 350 адам бас бостандығынан айыру жазасына сотталды. Соттар медиация тәртібімен 453 істі қараған, сондай-ақ, судьялар процестік заңнама нормаларды бұзған фактілер бойынша 174, ал алдыңғы жылы 124 жекеше қаулы шығарған.

Жыл басынан тергеу судьялары сотқа дейінгі тергеу органдарының 2 618 өтінішін қарады, соның ішінде 2 540-ы қанағаттандырылды, 54-і қанағаттандырудан бас тартылды. Апелляциялық тәртіппен аталған материалдар бойынша бірінші сатыдағы соттың 89 қаулысына шағым жасады, соның 67-сі өзгеріссіз қалды, ал 11 қаулы бойынша күші жойылған және өзгертілген.

Азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Досымбет Қалдарбек облыс соттарына келіп түскен азаматтық істер мен арыздар саны 7 063 іске немесе 30%-ға артқанын хабардар етті. Мәселен, 2017 жылдың 1-жартыжылдығында 27 553 азаматтық іс, 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 20 490 іс түскен.

Шешім шығарыла отырып 13 183 азаматтық іс қаралған, 765 өтініш қараусыз қайтарылған, бұл жалпы сотқа түскен өтініштердің 2,7 %-ын құрайды. Өтініштерді кері қайтарудың себебі, АПК-нің 154-бабы (Қарсы талап қоюды қабылдау шарттары) нормаларының сақталмауы болып табылады. Медиация тәртібімен 1 081 іс қаралды өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 286 іске көбірек.

Апелляциялық тәртіппен 1 141 сот актілеріне шағым жасалды, оның ішінде 823-і апелляциялық және 318-і жеке шағымдар болып табылады.

Кеңес барысында Судья әдебі жөніндегі комиссияның төрағасы Болатбек Зағиев кеңеске қатысушыларға өткен кезеңімен салыстырғанда судьялардың әрекеттеріне түскен шағым саны 20%-ға төмендегені туралы баяндады.

Алматы облысы соттарында бұқара халыққа сот жүйесінің қызметі туралы жүйелі жұмыстарды ақпараттандыру туралы Алматы облыстық сотының судьясы БАҚ-пен өзара іс-қимылды үйлестіруші-судьясы Нұргүл Жекенова айтып берді. Судьялар мен сот қызметкерлерінің республикалық және жергілікті БАҚ-та 1 810 материалы шыққан.

Жоғарғы Соттың судьясы Моряк Шегенов айтып өткендей, судьяның жоғарғы мәртебесі, оның кәсіби даярлығының болуын, өз жұмысын ұйымдастыру бойынша қажетті іскерлік сондай-ақ жоғары моральдық-әдеп қасиеттерінің болуын талап етеді.  

Кеңес соңында, Мейрамбек Таймерденов облыс судьялары алдында сот төрелігінің сапасын арттыру бойынша бірқатар міндеттерді, судьялардың, әсіресе, жаңадан тағайындалған судьялардың кәсіби деңгейін арттыру,  істерді қарау кезінде жергілікті соттарға практикалық көмек көрсету, татуластыру рәсімдерін белсенді қолдану, атап айтқанда, қылмыстық істер бойынша партисипативтік рәсімдерді кеңінен қолдану қажеттігін атап өтті.

Қайнар: 
Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі