Ақтөбе облысының «Түнгі соттары» жылдың басынан бастап 500-ден аса әкімшілік істі қарады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысының соттарында өткен жылдың қазан айынан бастап «Түнгі сот» пилоттық жобасы іске қосылды.

Түнгі соттарды енгізудің негізгі мақсаты азаматтардың сот арқылы қорғалу құқығын, сот ісін жүргізу жеделдетуді және оңайлатуды қамтамасыз ететін болады. Жобаның шеңберінде облыстың соттарында отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар, ұсақ бұзақылықтар және көлік құралы мен материалдық залал келтірумен өзге де мүліктің зақымдануына әкеп соқтырған жол жүру қағидаларын жүргізушілердің бұзуы, сондай-ақ көші-қон заңнамасын бұзушылықтар туралы істерді қарайды. «Түнгі соттың» сағат 18-ден 22-ге дейін жұмыс істеуі азаматтар үшін жақсы, себебі дау жұмыстан тыс уақытта шешіледі.

Мысалы, жылдың басынан бастап өңірдің «түнгі» соттары 511 істі қарады. Олардың көпшілігі қоғамдық тәртіп пен  адамгершілікке нұқсан келтіретін (жобаның шеңберінде қаралған істерден 85%-ы) әкімшілік құқық бұзушылықтарға қатысты. Ұсақ бұзақылықтардан басқа түнгі соттар отбасы-тұрмыстық құқық бұзушылықтар бойынша 65 материал және ЖЖҚ бұзушылықтар бойынша 15 материал қарады.

Бұл қазіргі заманғы жағдайда «түнгі сот» қызметінің тиімділігі және азаматтардың істі қарауға өздері үшін қолайлы кезде қатысу мүмкіндігімен қамтамасыз ететіндігін куәландырады.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызмет