Ақтөбе облыстық сотының төрағасы облыс тұрғындарымен интернет-конференция өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін сот төрағасы Мұратғали Әкетай өңір тұрғындарымен интернет-конференция өткізді.

Шараның негізгі мақсаты сот төрелігінің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, халықпен диалог орнатып, сот қызметі туралы халықты ақпараттандыру болып табылады.

Облыс тұрғындары өткізілетін шара туралы алдын ала облыстық соттың ресми сайты арқылы хабардар етілді.

Интернет-конференция барысында 12 сұрақ түсті. Атап айтқанда 2016 жылғы 14 желтоқсанда қолданысқа енген «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы Заңын қолданумен байланысты, шартты түрде сотталу, сотта қылмыстық істерді процестік келісімде қарау, сонымен қатар азаматтық сот өндірісінде қаралған істер бойынша медиация тәсілін қолдану мәселелері жөніндегі сұрақтармен жүгінді.

Интернет-конференция барысында облыстық сот төрағасы барлық түскен сұрақтарды ұқыпты қарап, әр қайсысына заңға сәйкес толық жауап берді. 

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі