Ақтөбе облыстық сотының төрағасы облыс тұрғындарымен интернет-конференция өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Өткізілетін іс-шара туралы облыс тұрғындарына облыстық соттың ресми сайты арқылы алдын ала хабарландыру жарияланды.

Интернет-конференция барысында 14 сұрақ келіп түсті. Атап айтқанда, азаматтар тыйым салынған мүлікті сату тәртібі, еңбек ақыны өндіру және жол-көлік оқиға нәтижесінде келтірілген моральдық зиянды өндіріп алу, жер даулары, сондай-ақ қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасын қолдану мәселелері жөніндегі сұрақтармен жүгінді.

Облыстық сот төрағасы барлық түскен сұрақтарды мұқият қарап, әрқайсысына заңға сәйкес толық жауап берді.

Алдағы уақытта да облыс тұрғындарымен интернет-конференция өткізу тәжірибесі жалғасатын болады.

Қайнар: 
Ақтобе облыстық баспасөз қызметі