Ақтөбе облыстық сотының төрағасы облыс тұрғындарымен интернет-конференция өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облыстық сотының төрағасы Мұратғали Әкетай облысында алғаш рет өңір тұрғындарымен интернет-конференция өткізді. Шараның негізгі мақсаты сот төрелігінің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, халықпен диалог орнатып, сот қызметі туралы халықты ақпараттандыру, істерді уақтылы және сапалы қарау болып табылады.

Облыс тұрғындары өткізілетін шара туралы алдын ала облыстық соттың ресми сайты және «Facebook» интернет-порталы арқылы хабардар етілді.

Интернет-конференция барысында 8 сұрақ түсті. Көбінесе азаматтарды табысы болмаған жағдайда әкімшілік айыппұл төлеу тәртібі, жұмысқа қайта орналасу туралы талап арызбен сотқа жүгіну мерзімі, бірінші сатыдағы сот үкіміне шағым келтіру тәртібі, сот үкімі бойынша айыппұл төлемінің мерзімін ұзарту мүмкіндігі, сотталғаннан емге кеткен шығындарды өндіру, елден шығуға  шектеуді жою және банктің мерзімнің ұзарту құқысыз пәтерді өндіру  заңдылығы туралы сұрақтар қойды.

Облыстық сот төрағасы барлық түскен сұрақтарды мұқият қарап, әр қайсысы бойынша заңға сәйкес толық жауап алды.

Алдағы уақытта да облыс тұрғындарымен интернет-конференция өткізу тәжірибесі жалғасын табатын болады.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі