Ақтөбе облыстық сотында Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің жаңа құрамы таныстырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облыстық сотының төрағасы Мұратғали Әкетай жалпы отырыс қатысушыларына Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің жаңа құрамын таныстырды.

Сөз барысында М.Әкетай Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің жаңа құрамына Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ректоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Бауыржан Аманкелдіұлы Ерденбеков, «Ақтөбе» және «Актюбинский Вестник» газетінің бас редакторы, Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының құрметті профессоры Раукен Сағызбайұлы Отыншин, «Қазақстан-Ақтөбе» телеарнасының директоры Ернұр Көшерханұлы Бурахан кіргенін хабарлады.

Сот төрағасы судья қызметіне үміткерлердің моралдық болмысын бағалау және оларды іріктеу рәсімдеріне азаматтар мен қоғамдық бірлестіктерді тарту, сонымен қатар,  сот жүйесі қызметінің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында БАҚ пен ЖОО өкілдерінің қосылғанын атап өтті. 

Мұратғали Әкетай Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің  жаңа құрамына тиімді және нәтижелі жұмыс тіледі.

Қайнар: 
Ақтобе облыстық баспасөз қызметі