Ақтөбе облыстық сотында сотталғандардың өтініштері бойынша сотқа жолданған материалдардың сапасы туралы сұрақтар талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облыстық сотында өткізілген  дөңгелек үстелге қатысушылар шартты түрде мерзімінен бұрын босату Институттарының  өзекті мәселелерін талқылады.

Талқылауға  облыс судьялары, облыс прокурорының бірінші орынбасары, қылмыстық-атқару жүйесінің және ішкі істер Департаменттерінің басшылары, сонымен қатар, бейне-конференц байланысы арқылы түзету мекемелері орналасқан облыс аудандары соттарының судьялары қатысты.

Дөңгелек үстел барысында Ақтөбе облыстық сотының төрағасы Мұратғали Әкетай жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру және жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату Институттары жазасын өтеушілердің түзелуіне орасан зор ықпалын тигізіп, олардың мінез-құлықын қалыптастыруда тиімді ынталандырудың бірі болып табылады. Бүгінгі күні мемлекеттің одан әрі дамыту басымдықтарын белгілей отырып, түрмеде жазасын өтеушілердің санын төмендетуге бағытталған қылмыстық заңнаманы ізгілендіру мәселелері маңызды болып табылатынын атап өтті.

Спикерлердің ойынша сотталғандардың өтініші бойынша сотқа жолданған материалдардың сапасына тиісінше прокурорлық қадағалауды жүзеге асыру және өтініштер бойынша прокурордың позициясы маңызды болып табылады.

Сөз сөйлегендер түзету мекемелерімен сотталушыларға қатысты материалдарды жасақтап, сотқа жолдау кезінде орын алған заң бұзушылықтар бойынша сот тәжірибесінен мысалдар келтірілді, аталған заң бұзушылықтар прокуратура органдарының назарынан тыс қалған.

Осыған байланысты, сотталғандардың жеке басын және олардың бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеу кезіндегі мінез-құлқын сипаттайтын материалдардың  нысаны мен мазмұнына қойылатын заң талаптарын сақтап, материалдардың сапасын арттыру қажеттілігі туралы ерекше аталды.

«Дөңгелек үстел» жұмысының нәтижесінде қылмыстық-атқару инспекциясы және прокуратура органдарымен алдағы уақытта заңбұзушылықтардың алдын-алу мақсатында бірыңғай сот тәжірибесін қалыптастыру және бірлескен ұсыныстар енгізу бойынша конструктивті диалог жүргізілді.

Қайнар: 
Ақтобе облыстық баспасөз қызметі