Ақтөбе облыстық сотында сотқа дейінгі іс жүргізудегі азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау аясында тергеу судьясының міндеттері талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

«Дөңгелек үстел» жұмысына судьялар, тергеу судьялары, құқық қорғау органдарының басшылары  бейнебайланыс арқылы аудандық соттардың төрағалары мен тергеу судьялары қатысты.

«Дөңгелек үстелде» сөйлеген сөзінде облыстық соттың төрағасы Мұратғали Әкетай Ұлт Жоспарының «Заң үстемдігін қамтамасыз ету» бөлігін жүзеге асыру аясында тергеу судьяларының өкілеттіліктерінің кеңейтілгенін атап өтті.

Ол олардың сотқа дейінгі қылмыстық сот iсiн жүргiзу кезінде адамның бостандығы мен конституциялық құқықтарына негізсіз шектеудің алдын алуын қамтамасыз етуге бағытталған қызметтерді  жүзеге асыратынын, сонымен қатар,  2016 жылдың қаңтарынан бастап олардың құзыреттері алу, іздеу, жеке іздеу, тексеру сияқты төрт процестік әрекеттер бойынша қосымша санкциялау тұрғысынан айтарлықтай кеңейгенін атап өтті.  

М.Әкетай атап өткендей, тергеу судьясына біртіндеп тергеу әрекеттерінің санкиялау бойынша өкілеттілігінің берілуі тергеу судьяларының институты практикада өзінің тиімділігін дәлелдегенін және тергеу сапасын жетілдіре түскенін  көрсетеді.

Конституцияда бекітілген азаматтардың құқықтары мен міндеттерін шектеу тек сотқа дейінгі тергеу барысында   қылмыстық-құқықтық норманың қатаң сақтауы жағдайында рұқсат етілгенін ескертті.

Осыған орай, М.Әкетай сотқа дейінгі іс жүргізу барысындағы кемшіліктерді талқылау және оларды алдағы уақытта болдырмау, сондай-ақ тергеу судьясы өкілеттігіне байланысты мәселелерді шешу бойынша ортақ практиканы дамыту мақсатында облыстық соттың бастамасымен « дөңгелек үстел» ұйымдастырылып отырғанын атап өтті. 

Облыстық соттың судьясы Нұриля Сатыбалдина қылмыстық қудалау органдары тарапынан жол берілетін процестік заңнама талаптарының бұзылуына,  азаматтардың конституциялық құқықтарын шектейтін кейбір тергеу әрекеттерін санкциялау кезінде  тергеу судьяларында туындайтын өзекті мәселелерге тоқталды.

Іс-шараның қорытындысы бойынша «дөңгелек үстел» қатысушыларына сотқа дейінгі іс-жүргізу кезінде туындайтын өзекті мәселелерді шешуге және қылмыстық қудалау органдарының заңнама талаптарының  бұзылуының алдын алу бойынша ұсыныстар әзірленді. 

Қайнар: 
Ақтобе облыстық баспасөз қызметі