Ақтөбе облыстық сотында мемлекеттік рәміздердің 25-жылдығына арналған салтанатты іс-шара өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облыстық сотында, сонымен қатар, облыстың барлық аудандық және оған теңестірілген соттарында мемлекеттік рәміздердің 25-жылдығына арналған салтанатты іс-шаралар өткізілді.

Іс-шара Мемлекеттік әнұранның орындалуымен және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туының тұғырға қоюымен басталды.

Облыстық соттың төрағасы Мұратғали Әкетай мемлекеттік рәміздер Қазақстан тәуелсіздігінің біріктіруші бейнесін білдіретінін атап өтті.

«Біздің мемлекеттігіміздің, егемендігіміздің басты негіздерінің бірі – мемлекеттік рәміздерінің құрылуы Елбасының тікелей бастамасымен өтті. Бүгін біздің ел халықтың әл-ауқатын нығайтуға және жақсартуға бағытталған жоғары дамыған әлеуметтік және экономикалық өсуі бар гүлденген мемлекет. Елге деген мақтаныш сезімі оның рәміздерін құрметтеуінен басталады. Судьялар үшін мемлекеттік рәміздердің өзіндік мәні бар, себебі, мемлекеттік рәміздердің аясында сот төрелігін жүзеге асырылады», - деп атап өтті Мұратғали Әкетай.

Салтанатты іс-шара барысында Ақтөбе облыстық сотының судьясы, Судьялар әдебі комиссиясының төрағасы Рәзия Ахметова белсенді әлеуметтік жұмысы мен сапалы сот төрелігін жүзеге асырғаны үшін «Үш би» құрмет белгісімен марапатталды.

Ақтөбе қалалық сотының судьясы Самал Ордабаева белсенді әлеуметтік жұмысы мен сапалы сот төрелігін жүзеге асырғаны үшін Ақтөбе облыстық соты төрағасының алғыс хатымен марапатталды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен жаңадан тағайындалған Ақтөбе қалалық №2 сотының судьясы Динара Гильмановаға қызмет куәлігі салтанатты түрде табыс етілді.

Іс-шара барысында қатысушыларға мемлекеттік рәміздер туралы қысқа деректі  фильм ұсынылды. 

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі