Ақтөбе облыстық соты «Халықаралық Құқық Қорғау орталығы» ҚБ-мен бірлесіп «Дауларды реттеуге арналған Медиация негіздері. Міндетті сотқа дейінгі реттеу» атты семинар өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Семинар-кеңес жұмысына Ақтөбе облыстық сотының судьялары, «Нұр Отан» партия филиалының өкілдері, ішкі саясат басқармасының, білім бөлімі мен еңбек инспекциясы, Әділет Департаментінің, Қазақстан халқы Ассамблеясының, нотариалдық және адвокаттар алқасының өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар, екінші деңгейлі банктердің, сақтандыру компанияларының, кәсіби және кәсіби емес медиаторлар, сонымен қатар БАҚ-ның өкілдері қатысты.

Азаматтық істер бойынша алқа төрағасының міндетін атқарушы Ботагөз Умирбаева Елбасының республика судьялардың VII съезінде қойылған тапсырмаларын жүзеге асыру аясында Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты дауларды сотқа дейінгі реттеу процедураларын қолдану аясын кеңейту, азаматтардың сот шығындарының азайтылуы, жұртшылық арасында дауларды медиация тәртібімен сотқа дейнгі реттеуге ынталандыру   мақсатында   пилоттық жобаны іске қосты. Аталмыш жоба мұрагерлік, неке бұзу және мүлікті анықтау, қарыз келісімшарттары бойынша, сақтандыру, пәтерден шығару туралы, кондоминимумды басқару мәселелері даулары бойынша міндетті түрде медиация жүргізуді қамтиды.   

Спикер Ақтөбе облыстық сотымен пилоттық жоба бойынша жұртшылық арасында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатырғанын атап өтті. Сот ғимараттарында сот медиациясының қолданылу механизмі қамтылған ақпараттық стендтер, облыстық соттың  интернет-ресурстарында пилоттық жобаның жүзеге асырылуы жайында ақпараттар орналастырылып, сот медиациясын қолдану туралы «дөңгелек үстелдер» мен оқыту семинарлары жүргізілуде.

«Халықаралық Құқық Қорғау орталығы» ҚБ-нің басшысы Ж.Жакупов медиация жүргізу және дауларды шешудегі медиаторлардың рөлі туралы, медиаторлардың байланыс құрылғылары, медиацияның қолданылуы және азаматтық, қылмыстық, отбасы, еңбек, діни, әлеуметтік дауларды реттеудің ерекшеліктері  туралы кеңінен тоқтады.

Іс-шара барысында даулардың жекелеген санаттары бойынша  медиация тәртібімен сотқа дейнгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобасы жан-жақты талқыланды.

Қайнар: 
Ақтобе облыстық баспасөз қызметі