Ақтөбе көшелерінің біріне Жоғарғы Соттың бұрынғы төрағасы Әбидолла Биекеновтің есімі берілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облыстық соты ғимаратының алдында Ақтөбе көшелерінің біріне Қазақ КСР Жоғарғы Сотының бұрынғы төрағасы, Ұлы Отан соғысының ардагері Әбидолла Биекеновтің есімін беруге арналған салтанатты іс-шара өткізілді.

Іс-шараға облыстық соттың судьялары, сот жүйесінің ардагерлері мен қала әкімі, Әбидолла Биекеновтің туыстары қатысты.

Іс-шара барысында облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Е.Қанапиев жиналғандарды өңір судьяларының атынан айтулы күнмен құттықтап, Әбидолла Биекенов 35 жасында соғыстан кейінгі жылдары Жоғарғы Сотты басқарғанын айтып өтті. Ол Абидулла Бикеновті  «Сот жүйесінің дамуына зор үлес қосқан мемлекет және қоғам қайраткері, көрнекті тұлға», - деп сипаттады.

Ермек Қанапиев Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында қазақстандық қоғамның рухани жаңғыру қажеттілігі айтылғанын атап өтті. «Рухани жаңғыру Қазақстанның әлемнің отыз дамыған елінің толыққанды мүшесіне айналуының маңызды факторы болып табылады. Біз  қысқа ғана еңбек өмірбаянында еліміздің сот жүйесінің дамуына маңызды үлес қосқан қазақтың біртуар ұлдарының бірі – Әбидолла Биекеновтің есімі жадымызда мәңгі сақталады»,- деді ол.

Іс-шара соңында ескерткішке салтанатты түрде гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

Ұйымдастырылған іс-шара үшін Ә.Биекеновтің туыстары Жоғарғы Сотқа  алғыстарын жеткізді.

Қайнар: 
Ақтобе облыстық баспасөз қызметі