Ақтауда экологиялық заңнаманы қолдану бойынша халықаралық аймақтық семинар аяқталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Екінші күні семинар қатысушылары Азаматтық процестік кодексін қолдану мәселелерін талқылады.

Шара модераторы Қазақстан Респуликасы Жоғарғы Сотының судьясы Нұрия Сисенова өз сөзінде семинардың ауқымдылығына, өзектілігіне тоқталып, бүгінгі күні жаңа Азаматтық процестік кодекс соттардың қарауындағы азаматтық істерді оңтайландырып, тиімділігін арттырып, қазақстандық сот жүйесіндегі ашықтық пен қолжетімділікке бастайтын заңнамаға айналғанын атап өтті. Сонымен қатар, ол сот шығыстары іс бойынша іс жүргізуге байланысты мемлекеттік баж бен шығындардан тұратындығын, оның ішінде мемлекеттік бажды қосымша төлеу, мемлекеттік бажды қайтару, сот шығыстарын тараптардың арасында бөлу, сарапшыларға, мамандарға, куәларға, аудармашыларға төленуге тиісті сомалар, өкілдің көмегіне ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуді кеңінен түсіндірді.

Орал қаласының №2 сотының судьясы Флора Сапарова сот шығыстарын тараптардың арасында бөлу туралы баяндамасында сот өзінің пайдасына шешім шығарылған тарапқа іс бойынша жұмсалған барлық сот шығыстарын басқа тараптан алып беретіндігін,  егер талап қою ішінара қанағаттандырылса, онда шығыстар талап қоюшыға – талап қою талаптарының сот қанағаттандырған мөлшеріне пропорционалды, ал жауапкерге талап қоюшының талап қою талаптарынан бас тартылған бөлікке пропорционалды түрде алып берілетіндігін атап өтті.

Қатысушылар аймақтық семинардың жоғары дәрежеде өткенін айтып, өзекті мәселелер ортаға салынып, өзара ой-пікірлермен алмасу өткендігін жеткізді.

Іс-шара қорытындысы бойынша ұйымдастырушылар екі күндік халықаралық аймақтық семинарға республиканың түкпір-түкпірінен келген сот жүйесі өкілдеріне алғыс айтып, қатысушыларға сертификат табыстады.

Қайнар: 
Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі