Ақтау қалалық соты Маңғыстау облысының Халыққа қызмет көрсету орталығының бұрынғы инспекторларына қатысты айыптау үкімін жариялады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Маңғыстау облысы бойынша «ХҚО» филиалының бұрынғы инспекторлары М.Мусин мен Е.Бисенбайға өздерінің қызметтік бабын пайдалана отырып, қасақана, пайдақорлық ниетпен, сенімді теріс пайдалану жолымен, өзінің қызмет ететін Маңғыстау облысы бойынша «ХҚО» ішінде сұранысы жоғары автокөлік мемлекеттік белгілерін сату үшін М.Айтбаевпен  қылмыстық сөз байласып, сұранысы жоғары мемлекеттік белгілерін сату үшін қолдан жасалған мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін дайындап, қолданып, өздерінің қылмыстық ойларын жүзеге асыру үшін С-ға, К-ге, Д-ға, Т-ға, З-ға, Р-ға сұранысы жоғары (333, 555, 444, 005, 222 и111) мемлекеттік белгісін жарты бағасына сатып, олардың әрқайсысынан 150 000-нан 400 000 теңгеге дейін алып, алған ақшалары мемлекетке түспейтінін біле тұра, мемлекеттік нөмірлерді таратқан. Нәтижесінде мемлекетке 3 102 812 теңге және жәбірленушілірге 2 275 000 теңге материалдық зиян келтірген.

Ақтау қалалық сотының үкімімен М.Мусин Қылмыстық кодекстің 190- бабының 3-бөлігінің 1), 3) тармақтарымен (ірі мөлшерде, екі немесе одан да көп адамға қатысты жасалған алаяқтық ), 385-бабының 2-бөлігімен (бiрнеше рет немесе адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жалған құжаттарды дайындау) кінәлі деп танылып, оған 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындап, оның жеке меншігі болып табылатын барлық мүлкін тәркілеумен, мемлекеттік қызметпен айналысу құқығынан айырып, жазасын түзеу колониясының жалпы режимінде өтеу белгіленген. М.Мусинді күзет сот залынан ұстады.

Е.Бисембай ҚК-нің сол баптары бойынша кінәлі деп танылып, оған 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, мемлекеттік қызметпен айналысу құқығынан айырып, ҚК-нің 63 бабына сай, жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін мән-жайлардың болуына байланысты, шартты түрде болып белгіленген және сол мерзімге сынақ пен пробациялық бақылау бекітілген.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі