Ақмола облыстық сотының төрағасы Н.Әбдіқанов: «Мемлекет басшысы Қазақстан халқын рухани жаңғырту арқылы мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатын көздейді»

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облыстық сотының төрағасы Нұрғазы Әбдіқанов облыстық соттың кеңейтілген жалпы отырысын өткізіп, онда Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы талқыланды.

Облыстық сот төрағасы мақаланың идеялогиялық тұжырымдамасы мен оның стратегиялық бағыттарына тоқтала келе, Мемлекет басшысы Қазақстан халқын рухани жаңғырту арқылы мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін арттыруды мақсатын көздейтіндігін айтты.

Елді жаңғырту, ұлттық сана сезімнің көкжиегін кеңейту және халықты  ортақ мақсатқа жұмылдыру туралы өздерінің пікірлерімен облыстық соттың судьясы Н.Өміртайұлы, мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы С.Төребеков және отставкадағы судья М.Ғибәділов бөлісті.

Отырысқа жаңа тағайындалған жас судьялар қатысты, бұл талқылау олар үшін жаңа міндеттеріне кірісер алдындағы атаулы әрі маңызды оқиға болды.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі