Ср, 19/04/2017 - 15:14
Ақмола облыстық сотының төрағасы Нұрғазы Әбдіқанов «Луч надежды» қоғамдық ұйымының басшысы Любовь Рубежанскаямен кездесті.
Кездесу «Қазақстан Республикасында кәмелетке толмағандарға қатысты сот төрелігін іске асыру жүйесінің жұмысын жақсарту және аз қамтылған топтарға білікті заң көмегін алуға қолжетімділік деңгейін арттыру» жобасын іске асыру аясында өткізілді.
«Жоба адам құқығының бұзылуын азайту, кәмелетке толмағандарға қатысты сот төрелігін жүзеге асыру жүйесінің жұмысын жақсарту, жастар мен балаларға арналған сенім телефондарының қызметін дамыту, жастар мен балаларға арналған әлеуметтік және құқықтық сұрақтарға кеңес беру бойынша қолжетімділікті қамтамасыз ету» – деді кездесуде Любовь Рубежанская.
Тараптар Ақмола облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жобаны іске асырудың мәселелерін, сонымен қатар бірлесіп семинар сабағын өткізуді талқылады.
Ұқсас мәліметтер
- Ақмола облыстық сотының төрағасы Көкшетау қаласының Достық үйінде татуластыру рәсімдерін дамыту мәселелері бойынша «дөңгелек үстел» өткізді
- Ақмола облыстық сотының төрағасы мамандандырылған соттарда жұмыс кеңесін өткізді
- Бұланды аудандық сотында сот актілерін орындамағаны үшін 32 азаматқа қатысты әкімшілік істер қаралды