Ақмола облыстық сотында Астрахан аудандық сотының төрағасы лауазымына ұсынымдар қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облыстық сотында сот төрағасы Нұрғазы Әбдіқановтың төрағалығымен өткен кезекті жалпы отырыста Астрахан аудандық сотының төрағасы лауазымына Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынымы қаралды. Баламалы негізде екі судьяның кандидатурасы ұсынылды. Олар – Ан Алексей Николаевич және Жақсы аудандық сотының судьясы Жоламанова Зәуре Ғабдиссалямқызы. 

Талқылау қорытындысы бойынша жалпы отырысқа қатысушылар екі кандидатқа да бірауыздан оң шешім шығарды.

Отырыста Конституция күнін мерекелеуге арналған іс-шараларды өткізуге дайындық барысы, сондай-ақ сот төрелігін жүзеге асыру сапасын арттыруға бағытталған ағымдағы мәселелер мен соттарды материалдық-техникалық қамтамасыз етудің жай-күйі пысықталды.

Облыстық соттың төрағасы облыстық сот аппараты қызметкерлеріне орындаушылық тәртіпті арттыруды тапсырды.  

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі