Ақмола облыстық соты ведомствоаралық семинар өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облыстық сотының төрағасы Нұрғазы Әбдіқанов «Сот және құқық қорғау органдарының өзара әрекеттесуі - сот төрелігін сапалы атқаруды қамтамасыз етудің құралы» тақырыбында құқық қорғау органдарының басшыларының қатысуымен ведомствоаралық семинар өткізді.

Семинарға Ақмола облысының прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Ішкі істер, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының, Мемлекеттік кірістер (Экономикалық тергеу қызметі), Қылмыстық атқару жүйесінің, Әділет департаментінің өкілдері, облыстық соттың алқа төрағалары мен судьялары, сонымен қатар, жергілікті соттардың төрағалары мен судьялары қатысты.

Ақмола облыстық сотының төрағасы Н.Әбдіқанов құқық және сот төрелігінің маңыздылығын айта келе, заң үстемдігі қағидаты құқықтық қатынастарды жалпы қамтитын сипатқа ие болып, барлық субъектілерді қамтитынын атап өтті.

Семинарда тергеу судьясы институтын дамыту, келісім рәсімдері, медиацияны қолдану, сот шешімдерін орындау және азаматтардың құқықтарын қорғаудың басқа да тетіктері, сонымен қатар, «Заңдылық», «ЭҚАБЖ» және «Төрелік» ақпараттық-талдау жүйелерімен өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.

Құқық қорғау органдары және облыс соттары жаңашылдықтарды іске асырудың тетіктерін қарастырып, бірлескен жұмыстың тиімділігін айтуда. Осы орайда бірқатар шешімін таппаған мәселелері де талқыланды.

Семинарда Елбасының Қазақстан халқына Жолдауындағы белгіленген бес негізгі басымдығы мен билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері де талқыланды.

Семинарға қатысушылар талқылауды қорытындылай келе, бірлесіп атқарған жемісті жұмысты одан әрі жалғастыру мақсатында ұсынымдар әзірледі.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі