«Сот әділдігі – әлемдік талаптар деңгейінде», А.Тасболат, «Егемен Қазақстан», 20.07.2017 ж.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Әр адам, әр ұжым, әр мекеме өз міндеті мен өз салалары бойынша алға қойылған тапсырмаларды талапқа сай уақтылы орындап отырса, жақсарудың, дамудың жолы сол болмақ. Солардың бірі де бірегейі болып сот корпусы ерекшеленіп отыр. Мәселен, 2016 жылы сот жүйесі дамуында жаңа кезең басталды. Ұлт жоспарын практикалық орындаудың алғашқы нәтижелері республика судьяларының VII съезінде Мемлекет басшысының қатысуымен талқыланды. Елбасы атқарылған жұмыстарға жоғары бағасын берді. 20.07.2017 165 Facebook Twitter Google+ Pinterest Vkontakte Telegram Ал сот корпусы мұндай жоға­ры бағаға қалай қол жеткізді?

Сот төрелігін жүргізуде ел абыройын асқақтатып, азаматтардың заңды құқын қорғау, мемлекет мүддесін сақтап, әділдікті үне­мі тұрақты түрде ту етіп көтеріп жүру оңай емес. Алайда, ел судьяларына жүктелген бас-ты міндет осы болғандықтан олар оны абыройлы орындап отыр. Бұл туралы Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәми: «2016 жылдың қорытындысын шы­ғарғанда, біз, сот әділдігі көрсеткіштерінің айтарлықтай жақ­сарғанын айтқанбыз. Осы үрдіс биыл­ғы жылы да жал­­ғас­­­у­­­да. Егер сот әділдігінің ескі жүйе­­­­сінде кейбір санаттағы істер екі жылға дейін қаралса, бүгінде олар ең көп дегенде 8 айдың ішінде шешімін табуда. Сол сияқ­ты азаматтық істердің 82 пайы­зы бір ғана сот отырысында шешімін табуда. Істердің үштен екісі жеңілдетілген негізде қара­луда. Биылғы жылдың 5 айында дауды шешудің баламалы тәсілдерін қолдану 42 пайызға, медиацияны қолдану 82 пайызға артты. Қылмыстық сот істері бойын­ша да ахуал осыған ұқсас. Республика бойынша келі­сім тәртібімен қаралған қыл­мыстық істердің саны 33 пайыз­ға, қысқартылған негізде қа­ралған істер саны 4 есеге артты. Қылмыстық сот істері бойынша медиацияны қолдану көрсеткіші 64 пайызға жетті. Алқабилердің қатысуымен қаралған істер саны 35 пайызға көтерілді», дейді.  Бұл орайда қылмыстық заңна­маны ізгілендіру түрмедегі­лер­дің санын айтарлықтай азай­туға мүмкіндік бергенін айта кеткен жөн. Еліміз 1991 жыл­дан бергі аралықта түрмеде отырғандардың әлемдік индексі бойын­ша өз көрсеткіштерін 3-орын­нан 46-орынға дейін жақ­сартты. Осы ретте, еліміздегі кри­миногендік ахуал тұрақты деңгейде болуы да сөзіміздің дәлелі. Демек, бұл соттардың жаза тағайындау практикасын өз­гертуге неғұрлым сарабдал қа­райтындығын көрсетеді. Соның тағы бір айғағындай, тергеу процесіне сот бақылауын кеңейту шаралары өзінің оң нәтижесін беруде. Үстіміздегі жылы тергеу судьялары қараған санкциялау істерінің саны 15 пайызға артты.  Сот төрелігі барысында заң­ды үкім, әділ шешім ең басты көрсеткіш. Сондықтан кәсіби біліктілігі жоғары судьялар кор­пусын қалыптастыру сот жүйе­сінің тиімділігін арттыратын ең басты алғышарт болып табылады. Бұл мәселе қашанда бірінші кезектегі маңызға ие дейміз. Осыған орай, реформа барысында судьялыққа кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптары мен іріктеу тәсілдері қатаң­датылғаны бәрімізге белгі­лі. Біліктілік емтихан тапсыру­ рәсімдері күшейтілді, соның­ ішінде, психологиялық тестілеу­дің рөлі артты, полиграфта зерттеу жүйесі енгізілді. 2016 жылы жаңа ереже бойынша жергілікті соттардың 343 судьясы іріктеліп тағайындалды. Осы жылдың 5 айы ішінде – 92 кандидат судьялыққа тағайындалды. Бұл орайда, сот жюриі де өз қызметін жаңа тәртіпке сәйкес жүргізуде. Сот жюриінің біліктілік комиссиясы 2016 жылы 1220 судья­ның, биылғы жылы 125 судья­ның кәсіби қызметіне бағалау жүргізді. Судьялар корпусының басым бөлігі өздерінің кәсіби біліктілігін растай білген. Ал судьялық кадрларды даярлау мен олардың кәсіби деңгейін арттыру міндеті Жоғарғы Сот жа­нындағы Сот төрелігі акаде­миясына жүктелген. Акаде­мияны құру оқу процесі мен сот практикасын барынша үйлес­тіруге мүмкіндік береді. 

Экономикалық ынтымақ­тас­тық және даму ұйы­мының (ЭЫДҰ) стандарттары еліміздің ең дамыған 30 мем­лекеттің қа­тарына кіруінің негізгі бағ­да­рына айналғаны белгілі. Осы ретте, инвестициялық ахуал басты индикаторлардың бірі бо­лып та­былады. Міне, бұл ба­ғытта да Жоғарғы Соттың ма­мандандырылған жаңа алқасы мен «Астана» халықаралық қаржы орталығының жанындағы қаржы соты инвестицияны қорғау саласындағы жаңа сот практикасын қалыптастыруға ықпалын тигізетіні сөзсіз. Бұған қоса, Жоғарғы Сот жанында құ­рамына шетелдік және қазақ­стандық 15 беделді заңгер мен ғалым кіретін Халықаралық кеңес өз жұмысын тиімді атқа­руда. Оның ең негізгі міндеті – еліміздің сот жүйесіне халық­аралық озық стандарттарды енгізу. Осының негізінде барлық маңызды халықаралық рейтингтер бойынша жағымды үрдіс сақталып отыр. Соның бір айғағы ретінде, өткен жылы Ғаламдық бәсекеге қабілеттілік рейтингісінің «Соттардың тәуел­сіздігі» индексі бойынша Қазақстан өз көрсеткішін 4 по­зицияға (72-ден 68-ге дейін) жақсартқан. Бүкіләлемдік банк­тің рейтингісінде «Келісімшарт­тарды орындау» индикаторы бойынша еліміз 190 елдің ішінде 9 орынды иеленген. Үш сатылы сот жүйесі жағ­дайындағы соттардың жұмысын Мемлекет басшысы мен халық оң бағалап отыр. Жалпы алғанда, сот ісін жаңғырту аяқталды деп айтуға болады. Дегенмен, ендігі кезекте соттар қызметінің жекелеген бағыттарын реформалау күтіп тұрған көрінеді. Бұл туралы ойын жалғаған Жо­ғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәми: «Мемлекет басшы­сы­ның бастамасымен жүргізіл­ген конституциялық реформа биылғы жылдың ең басты оқиғасына айналды. Өзде­ріңіз­ге мәлім, мемлекеттік билік тармақтары арасындағы өкі­леттіктерді қайта бөлу бойынша жұмыс тобы құрылған болатын. Сот құрылымы мен сот ісін жүргізу бойынша Жоғарғы Сот конституциялық реформаға қатысты өз ұстанымын білдірді. Реформа шеңберінде судьялыққа кандидаттардың жас мөлшерін 30 жасқа дейін арттыруды көз­дейтін Конституциялық заң жо­басы әзірленді. Осы және өзге де түзетулер судьялыққа кандидаттарға қойылатын талаптарды одан әрі қатаңдатуға бағытталған. Президент «Проку­ратура туралы» жаңа заңға қол қойды, онда Жоғарғы Сот­тың ұсыныстары ескерілді. Аталған заңда прокурорлардың азаматтық процеске қатысуын айтарлықтай қысқарту көзделген. Қылмыстық қудалау органдарын алдағы жаңғыртумен байланысты ауқымды өзгерістер күтіп тұр. Елбасы бұл жұмысқа да айрықша мән беріп отыр. Жалпы алғанда, судьялар түйт­кілді мәселелер мен заң шығару қызметіне қатысты тұжы­рымдамалық ұсынымдар әзір­леуде белсенділік танытуда», дейді. 

Соттар жұмысында мұндай жоғары жетістіктерге жетудің өзіндік тың жолдары, оң бағыт­тары қарастырылғаны анық. Жоғарғы Сот тарапынан соттар жұмысына жағдай жасау бағы­тында бірқатар жұмыстар атқарылды. Міне, соның бірі – үш сатылы сот жүйесі. Үш са­тылы жүйе сот сатыларын оңтайландырып, сот әділдігіне қол жеткізуді айтарлықтай жеңіл­детті және түпкілікті сот ше­шімдерін қабылдау уақытын қыс­қартты. Оның нәтижесінде апелляциялық сатының рөлі барынша күшейді. Бұл – шетелдік озық тәжірибеге негізделген үрдіс. Барлық елде апелляция сот­тың соңғы сатысы болып табылады. Демек, сөздің тоқетері – сот істерінің басым бөлігі өңір­лерде қаралып аяқталуы тиіс, яғни апелляциялық қаулылар өте сирек жағдайларда ғана қайта қаралуы керек.  Мемлекет басшысы судьялар съезінде азаматтардың соттар мен құқық қорғау органдарына деген сенім деңгейін арттыруға айрықша назар аударған болатын. Бұл орайда судьялардың өздері де соттардың оң имиджін қалыптастыру – әрбір судья мен сот қызметкерінің мін­деті екендігін жасырмайды. Сон­дықтан да судьялар мен сот жүйесі қызметкерлерінен тең құ­қылықты сақтау, азамат­тарға құрметпен қарау, мен­мен­діктен арылу, азаматтардың құқықтарын қорғауға жәрдем­десу­ге ұмтылу талап етіледі. Өйт­кені, сарапшылар сөзіне қарағанда, дәл осы шаралар қоғамда соттарға деген сенім деңгейін қалыптастырады. Міне, біле білсек, судьялық әдеп­тің жаңа кодексінде осы міндеттер айқындалған. Ендеше бар­лық судьялар Судьялық әдеп кодексінің талаптарын бұл­жытпай орындауы тиіс. «Мемлекет басшысы біздер­ге нақты міндеттер жүктеді. Біз сот ісін жүргізуді одан әрі жеңілдету, заңнаманы жетілдіру және судьялар корпусының кәсібилігін арттыру жұмыстарын жалғастыратын боламыз. Қазіргі таңда Жоғарғы Сот бірыңғай сот практикасын қалыптастыру мен сот жүктемесін азайтуға бағытталған жобаларды іске асыруда. Бұл бағытта сот әкімшілігін реформалау жұмысын да назардан тыс қалдырмауымыз керек. Біз, ең әуелгі кезекте, сот әділдігін сапалы жүзеге асырып, соттарға деген сенімді арттырып, сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейтуіміз қажет», дейді Қайрат Әбдіразақұлы.  Соттардың имиджі мен тәуел­­сіздігін, сондай-ақ судья­лар­дың әлеуметтік мәртебесін арттыру бойынша Жоғарғы Сот барлық шараларды қабылдауда. Жоғарғы Сот Төрағасынан бас­тап, республикадағы әр судья үшін азаматтардың се­ні­мі маңызды болып табылады. Адамдардың құқына мұн­дай маңыз берілген жерде қашанда сот әділдігі салтанат құратындығы анық. Ал мұның бәрі ел абыройын асырудағы Елбасы сілтеген жолмен жүрудің жемісі дейміз.