БАҚ-тағы мақалалар

«Сот билігі тәуелсіздікпен бірге түледі», Жоғарғы соттың судьясы Б.Мақұлбеков, «Егемен Қазақстан, 31.12.2016 ж.

Биылғы Мешін жылы елімізге елеулі әрі есте қалатын құт-береке әкелді. Ата-бабалар аңсаған ел Тәуелсіздігінің ширек ғасырлық мерейтойы үлкен жетістіктермен атап өтілді. Жүз жылға бергісіз осы аз уақыт аясында тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаевтың елімізді аяғынан тік тұрғызған ұлан-ғайыр ісін бүкіл әлем біліп, мойындады.

Жоғарғы соттың судьясы Б.ШЕРМҰХАМЕТОВ: «Жаңа буынды сот жүйесі заман талабы», «Айқын», 15.09.2016 ж.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақ­стан – 2050» стратегиясында мемлекеті­міз­дегі азаматтардың құқықтарын қорғаудың басты тетігі – сот жүйесін одан әрі жаңғыр­тып, нығайту туралы атап өткен болатын.

Александр Тасболатов: «Шындық. Адалдық. Әділдік», «Егемен Қазақстан», 20.07.2016 г.

Адамды адамның өлтіруге қақы жоқ. Тіпті, мемлекет те жаза ретінде адамды өлтіруге тоқтау салып жатады. Қанды қол кәнігі қылмыскердің өзі бірнеше жылды арқалап, тас қапасқа қамалса да, оның өміріне ешкім балта шаба алмайды. Бірақ солай екен деп, адамдар адам өлтіруден қалыс қалып жатқан жоқ. Алып қашады, зорлайды, өлтіреді, әйтеуір, адамға адам дегенін жасайды. Артынан бар болғаны өмір бақи бас бостандығынан айырылуға сотталады. Ал бұлардың арасында кім жоқ дейсіз, нағыз баскесері де, қосақ арасында қоса кеткені де кездеседі.

Батыс Қазақстан облыстық сот алқасының төрағасы М.Нағашыбаевпен сұхбат "Тәуелсіз сот төрелігі – екінші реформаның күретамыры», «Eгемен Қазақстан», 14.06.2016 ж.

Бүгінгі күні мемлекетімізді одан əрі дамытудың басты кепілі мен тұтқасы барша қазақстандықтарға ортақ жаңа құқықтық орта қалыптастыру болып отыр. Мұның өзі əлемдегі дамыған 30 елдің бірі болуға негіз қалай алады. Оған жеткізудің басты жолдары Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев белгілеп берген Ұлт Жоспарында тайға таңба басқандай айқын көрсетілген. Аталған жоспар бес институттық реформадан тұратыны белгілі. Осындағы екінші реформаның жұлыны мен жүйкесі, мəні мен маңызы бірінші кезекте елімізде тəуелсіз сот төрелігін орнықтыру мен қалыптастыруға бағытталған.

Жоғарғы Сот төрағасы Қ.Мәмимен сұхбат «Сот кепілі» Александр Тасболатов // «Егемен Қазақстан», 06.04.2016

 «Қазақстандық сот төрелігі мен құқық тәртібі жүйесі ашықтық және кәсібилік тұрғысындағы жаңа сапаға ие болды. Қазақстандықтар мен бизнес субъектілерінің құқықтарын сотта қорғау деңгейі ендігі жерде ЭЫДҰ мемлекеттерінің жоғары стандарттарына сәйкес келеді».

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың
Парламенттің VI шақырылымдағы бірінші сессиясының
ашылуында сөйлеген сөзінен.

Дәмежан Кенжеқызы «Жыр алыбы Жамбылға арналды» // «Ана тілі» газеті, 17.02.2016 ж.

Кеше Елордада Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының ұйымдастыруымен Жамбыл Жабаевтың 170 жылдық мерейтойына арналған «Жыр алыбы Жамбыл және ел бірлігі» атты шара өтті. Салтанатты жиынға еліміздің жоғарғы сот органының судьялары, Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшылығы мен қызметкерлері қатысты.  

Мұратғали Әкетай, Солтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы «Сот жүйесін дамытудағы соны серпіліс» // «Заң» газеті, 3.02.2016ж.

Сот жүйесі 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап өз дамуының жаңа кезеңіне қадам басты деп сеніммен айтуға болады. Судьяларды даярлау мен іріктеу жөніндегі талаптардың күшейтілуі, үш буынды сот жүйесі, жаңа Азаматтық процестік кодекс, Жоғарғы Сотта инвестициялық даулар бойынша жаңа алқаның құрылуы және басқа да бірқатар жаңашылдықтардың бәрі Елбасы бастамасымен қабылданған «100 нақты қадам – баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» Ұлт Жоспарын іске асырудың нақты шаралары болып табылады.

Нұрлан Қалқа, «Қайрат Мәми, Жоғарғы Сот Төрағасы «Заң үстемдігін қамтамасыз ету – соттардың басты міндеті» // «Айқын» газеті, 26.01.2016 ж.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында «Заң үстемдігін қамтамасыз ету – соттардың басты міндеті» атты тақырып аясында кеңейтілген мәжіліс болып өтті. Онда елімізде сот төрелігін жүзеге асырудың 2015 жылы атқарылған істер қорытындыланып, алдағы уақытта қолға алынатын іс-шаралар мен бағыт-бағдарлар атап көрсетілді.

Нұрлыбек Досыбай, «Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәми: Еліміздегі сот қызметі реформаға сай дамып келеді» // «Егемен Қазақстан», 23.01.2016ж.

Кеше Жоғарғы Сотта жоғары сот органы судьяларының өткен жылы сот төрелігін атқарудың қорытындысы бойынша «Заң үстемдігін қамтамасыз ету – соттардың басты міндеті» тақырыбы аясында алқа мәжілісі өтті. Іс-шараға Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Марат Бекетаев, Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Анатолий Смолин, облыстық соттардың төрағалары, Судьялар одағы мен соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшылығы қатысты.

Пікірлер мен ұсыныстар