Doing Business

2015 жылы Қазақстан Дүниежүзілік Банктің әлемнің 189 мемлекеті экономикаларының жыл сайынғы «Doing Business» рейтингісінде 77-ші орынды иеленді.

Рейтинг нормативтік құқықтық актілерге талдау жасау және кәсіпкерлерге сауалнама жүргізу арқылы жасалады.

Өз кезегінде талдау және сауалнама «Кәсіпорындарды тіркеу», «Құрылысқа рұқсат алу», «Электр желілеріне қосылу», «Меншікті тіркеу», «Несиелер алу», «Миноритарлық инвесторларды қорғау», «Салық салу», «Халықаралық сауда», «Келісім-шарттардың орындалуын қамтамасыз ету» және «Төлем қабілетсіздігін шешу» сияқты индикаторларды қоса алғандағы бірнеше критерий бойынша өткізіледі.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен бірлесе отырып, «Келісім-шарттардың орындалуын қамтамасыз ету» индикаторы бойынша бірлесіп орындаушы болып табылады.

Қазақстан үстіміздегі жылы рейтингтің осы индикаторы бойынша 30-шы орынды алады (2014 жылы – 35 орын).

Сонымен қатар Жоғарғы Сот және Әділет министрлігі рейтингтегі Қазақстанның көрсеткіштерін жақсарту бойынша жұмыстар аясында соттардың істерді жеңілдетіп және жедел қарауын және сот актілерін оперативті орындауын қамтамасыз ету бойынша маңызды және ықпалды шараларды қолданып жатқанын атап айтқан жөн.

Бүгінгі күні Жоғарғы Сот сот төрелігінің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында отандық соттар жұмысына озық IT-технологияларды енгізуде, сондай-ақ қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзгертулер енгізіп, азаматтар мен заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарын уақытында қалпына келтіруді қамтамасыз етуге бағытталған басқа да шараларды қолдануда.

«Келісім-шарттардың орындалуын қамтамасыз ету» индикаторы бойынша нормативтік құқықтық актілерге талдау жасау және респонденттерге сауалнама жүргізу кезінде рейтингті құрастырушылар негізінен келесідей мәселелерге назар аударатынын атап өткен маңызды:

- шағын даулар бойынша істерді жеделдетіп қарау;

- істі қарау мерзімін кейінге қалдыру тәртібі;

- соттарға өтініштерді электрондық түрде беру мүмкіндігі;

- соттардың істі қарау шеңберінде мүлікке тыйым салу тәртібі;

- азаматтар үшін сот актілерінің қолжетімділігі.

Жоғарғы Сот «100 қадам – баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» Ұлт жоспарында көзделген шараларды ескере отырып, сот төрелігін іске асыру кезінде төрешілдік рәсімдерді жеңілдету, сондай-ақ республика соттарының істерді жедел және сапалы қарауын қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды одан әрі де жалғастыратын болады.

Төменде сот жүйесі осы бағытта іске асырған шаралар берілген.