Жоғарғы Соттың органдары

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыPDFPDF

Жоғарғы Соттың құрылымы мен құрамы:
      1) жалпы отырыс;
      2) жалпы отырыстың төралқасы;
      3) азаматтық істер жөніндегі сот алқасы;
      4) қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы;
     5) мамандандырылған сот алқасы Жоғарғы Соттың органдары болып табылады.
Сот алқасын осы Конституциялық заңда белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалатын төраға басқарады.

Жоғарғы Соттың жалпы отырысы

 1. Жоғарғы Соттың жалпы отырысы:

1) Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша тиісті сот алқасының сандық және дербес құрамын белгілейді;

2) сот практикасын зерделеу мен жинақтаудың қорытындылары бойынша республика соттарының сот төрелiгiн iске асыруы кезiнде заңдылықты сақтау мәселелерiн қарайды;

3) нормативтiк қаулылар қабылдайды, сот практикасы мәселелерi бойынша түсiндiрулер береді және заңнаманы жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi.
Нормативтік қаулылар Жоғарғы Соттың жалпы отырысында Жоғарғы Сот судьялары санының кемінде үштен екі даусымен және Жоғарғы Сот судьялары жалпы санының кемінде төрттен үш кворумы болған кезде қабылданады;

3-1) алып тасталды - ҚР 07.11.2014 № 245-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі);

4) Жоғарғы Соттың сот алқалары, Сот жюриi төрағаларының және уәкiлеттi орган басшысының ақпаратын тыңдайды;

5) Қазақстан Республикасы Конституциясының 47-бабының 2-тармағында көзделген жағдайда қорытынды бередi;

6) облыстық соттар төрағаларының, сот алқалары төрағаларының, Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағалары мен судьяларының бос лауазымдарына кандидатураларды қарайды және тиісті қорытындылар шығарады;

6-1) Жоғарғы Сот Төрағасының Жоғары Сот Кеңесіне бекітуге енгізуі үшін Кадр резерві жөніндегі республикалық комиссия төрағасының және комиссия мүшелерінің кандидатураларын қарайды;

6-2) Жоғары Сот Кеңесімен бірлесіп, аудандық сот төрағасының, облыстық сот төрағасының және сот алқалары төрағаларының, Жоғарғы Сот судьясының және сот алқалары төрағаларының лауазымдарына кадр резервін қалыптастыру үшін кандидатуралар тізімін бекітеді;

7) Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша жалпы отырыстың хатшысын, ғылыми-консультативтік және халықаралық кеңестердiң құрамдарын бекiтедi, сондай-ақ жасырын дауыспен Сот жюриiн сайлайды;

7-1) алынып тасталды - ҚР 04.12.2015 № 437-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен;

7-2) судья мантиясының нысаны мен сипатын бекітеді;

7-3) Жоғарғы Соттың жалпы отырысы төралқасының регламентін бекітеді;

7-4) Жоғарғы Сот жанындағы ғылыми-консультативтік және халықаралық кеңестер туралы ережелерді бекітеді;

8) заңда көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

2. Жалпы отырыс оған Жоғарғы Сот судьялары жалпы санының кем дегенде үштен екiсi қатысқан жағдайда заңды болып табылады.

3. Жоғарғы Сот жалпы отырысының жұмыс тәртiбi өзi бекiтетiн регламентпен белгiленедi. 

Жоғарғы Соттың жалпы отырысының төралқасы

1. Жоғарғы Соттың жалпы отырысының төралқасы:
1) соттардың қызметін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды Жоғарғы Соттың жалпы отырыстарында қарау үшін оларды дайындауды қамтамасыз етеді;
1-1) тәртіптік теріс қылық жасаған судьяға қатысты тәртіптік іс жүргізуді қозғау туралы материалды Сот жюриіне беру туралы мәселені талқылайды және талқылау қорытындысы бойынша тиісті шешім шығарады;
2) осы Конституциялық заңда Жоғарғы Соттың басқа органдарының құзыретіне жатқызылмаған, соттардың қызметін ұйымдастыруға қатысты өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2. Жоғарғы Соттың жалпы отырысы төралқасының құрамы он бір мүшеден – Жоғарғы Соттың Төрағасынан және сот алқаларының төрағаларынан, Судьялар одағының төрағасынан, Судья әдебі жөніндегі комиссияның төрағасынан, Сот жюриінің төрағасынан, Кадр резерві жөніндегі республикалық комиссияның төрағасынан, сондай-ақ Жоғарғы Соттың жалпы отырысы екі жыл мерзімге жіберетін үш судьядан тұрады.
3. Жоғарғы Соттың жалпы отырысының төралқасын Жоғарғы Соттың Төрағасы шақырады және ол өз мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі болған кезде құқықты болады.
4. Жоғарғы Соттың жалпы отырысы төралқасының жұмысын ұйымдастыру Жоғарғы Соттың жалпы отырысы бекітетін регламентпен айқындалады.

Жоғарғы Соттың жалпы отырысы төралқасының құрамы

Мәми Қайрат Әбдіразақұлы – Жоғарғы Сот Төрағасы;

Әбдіқадыров Еліс Нұрқасымұлы – азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы;

Рахметулин Абай Жамбылұлы – қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы;

Байбатыров Серік Қатенұлы – Қазақстан Республикасы Судьялар одағының төрағасы;

Қыдырбаева Айгуль Қуанышбайқызы - мамандандырылған сот алқасының төрағасы

Қайыпжан Нұржан Үсіпханұлы – Судья әдебі жөніндегі комиссияның төрағасы;

Шегенов Моряк Смағұлұлы – Сот жюриінің төрағасы;

Құрықбаев Әділ Жамбасбайұлы – Кадр резерві жөніндегі республикалық комиссияның төрағасы;

Қасымов Ақылтай Ахмеджанұлы – Жоғарғы Сот судьясы;

Шаухаров Қалидола Әділұлы – Жоғарғы Сотының судьясы;

Сулейменова Улбосын Аждарқызы – Жоғарғы Сот судьясы;

Пікірлер мен ұсыныстар