Судьялыққа кандидаттардың тағылымдамадан өту үшін бос орындарды бөлу туралы хабарлама

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХатпен жіберуХатпен жіберуPDFPDF

Қазақстан Республикасының Жоғары Соты

судьялыққа кандидаттардың тағылымдамадан өту үшін бос орындарды бөлу туралы хабарлайды:

 Астана қаласы бойынша – 9 орын;

Алматы қаласы бойынша – 11 орын;

Ақмола облысы бойынша – 5 орын;

Ақтобе облысы бойынша – 5 орын;

Алматы облысы бойынша6 орын;

Атырау облысы бойынша – 4 орын;

Шығыс Қазақстан облысы бойынша10 орын;

Жамбыл облысы бойынша – 4 орын;

Батыс Қазақстан облысы бойынша – 5 орын;

Қарағанды облысы бойынша – 9 орын;

Қостанай облысы бойынша7 орын;

Қызылорда облысы бойынша – 3 орын;

Маңгыстау облысы бойынша – 3 орын;

Павлодар облысы бойынша6 орын;

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 5 орын;

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша – 8 орын;

 «Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 29-бабының 1-4 тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келетін азаматтар тағылымдамаға жіберіледі.

Тағылымдамадан өту судья лауазымына кандидаттың тұратын жері бойынша тіркелген облыс, Астана және Алматы қалалары аумағындағы жергілікті соттарда жүзеге асырылады. Тұрғылықты жері бойынша тағылымдамадан өту үшін бос орындар болмаған жағдайда, кандидат бос орын болған кезде тағылымдамадан өтуге рұқсат беру туралы өтінішпен басқа облыстық сотқа жүгінуге құқылы.

Тағылымдамадан өтуге ниет білдірген адамдар хабарландыру жарияланған күннен бастап бір ай мерзімі ішінде облыстық соттың төрағасына тағылымдамадан өтуге рұқсат беру туралы өтініш береді.

Өтінішке мынадай құжаттар қоса тіркелуі тиіс:

1) кадрларды есепке алу бойынша жеке парақ;

2) өмірбаян;

3) диплом мен оның қосымшасының көшірмелері;

4) біліктілік емтиханын тапсырғанын растайтын құжаттың көшірмесі;

5) соңғы жұмыс орнынан алынған қызметтік мінездеме;

6) судьяның кәсіби міндеттерін орындауға кедергі болатын аурулардың жоқтығын растайтын медициналық куәландырудан өткені туралы құжат.

Өтінішке оның кәсіби білімінің деңгейін сипаттайтын құжаттарды да (ғылыми дәрежелер мен атақтардың берілгені, арнайы курстарды аяқтағаны туралы тиісті құжаттардың көшірмелері) қоса тіркеуге болады.

Ұсынылған барлық құжаттарда қол қойылып, жасалған немесе бекітілген күні, қажет болған жағдайда – шығыс нөмірі мен күні болуы тиіс.

Кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ, өмірбаян, қызметтік мінездеме, денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтамалар берілген немесе жасалған күнінен бастап бір жыл ішінде жарамды болады және кандидатқа қатысты өзекті мәліметтерді қамтуға тиіс.

Қосымша ақпарат алу үшін облыстық және оларға теңестірілген соттарға жүгінулеріңіз сұралады.

 

Қазақстан Республикасының

Жоғары Соты

 

 

07.03.2017 жыл

Пікірлер мен ұсыныстар