Судьялардың кәсіби деңгейін арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы судьяларының VI съезінде сот кадрларын іріктеу, оларды оқыту мен дайындау жүйесін жақсарту қажеттілігін атап өтті.

         Жоғарғы Сот басқа да соттық білім беруді ұйымдастырушылармен бірлесіп елдің сот корпусының кәсібилігін арттыруға бағытталған шараларды қабылдауда.

Судьяларға үздіксіз соттық білім беру нысандарының бірі  Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Сот төрелігі институтында біліктілікті арттыру курстары болып табылады. 

Курстар Судьялардың біліктілігін арттырудың оқу жоспары мен жоспар-кестесіне сәйкес ұйымдастырылады. Судьяларды оқыту міндетті түрде бүкіл еңбек қызметі жолында бес жылда бір рет жүргізіледі. Біліктілікті арттыру курстарының оқу жоспарларын Жоғарғы Сот Төрағасының келісімі бойынша Академия Ректоры бекітеді. Оқыту бағдарламаларын жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Осылайша, көбінесе оқушылар топтарын барынша тиімді қалыптастыру үшін Судьялардың және сот жүйесіндегі қызметкерлердің біліктілігін арттырудың 2014 жылға арналған жоспар-кестесі мен оқу жоспарын әзірлеу кезінде судьялардың мамандануы ескеріледі, мамандандырылған экономикалық соттардың судьяларын оқыту үшін жеке бағдарлама көзделген. Судья лауазымына алғаш рет тағайындалған судьялардың практикада теориялық білімдерін қолдану бойынша оқытуға, төрешілік дағдыларға ие болуға, істерді қарастырудың кәсіби техникасын меңгеруге, сот процестерін жүргізуге, процессуалды құжаттарды жасауға барынша мұқтаждығын ескере отырып, 1 жылға дейін еңбек өтілі бар, судья лауазымына алғаш рет  тағайындалған судьялардан құралған жеке тыңдаушылар топтары қалыптастырылды.

 2011 жылдан бастап Жоғарғы Сот қазіргі уақытта жұмыс істеп жатқан судьялардың кәсіби деңгейін арттырудың облыстық және оған теңестірілген соттармен бейнеконференцбайланыс арқылы қашықтықтан оқыту сияқты нысанын іске асыруда.  Бейне-дәрістердің тақырыптары судьялардың оқытуға қажеттілігін есепке ала отырып әзірленеді. Судьяларды қашықтықтан оқытудың технологиялары барынша көп тыңдаушыларды олардың тұрғылықты орнынан шықпай-ақ тартуға мүмкіндік береді.

         Судьялардың кәсіби біліктілігі деңгейін арттыру мақсатында жоғары тұрған соттарда судьялардың тағылымдамадан өтуі бойынша жұмыс жолға қойылды және жүргізілу үстінде. Тағылымдама үш жылда бір рет жүзеге асырылады. Бұл ретте, аудандық буындағы судьялар облыстық сотта екі апталық тағылымдамадан өтеді, ал облыстық соттардың судьялары дәл осы кезеңде Жоғарғы Сотта тағылымдамадан өтеді. Соттың тиісті алқасының төрағасы қолданыстағы заңнаманы қолданудың өзекті проблемаларын анықтау мен талдауды және сот практикасын, істерді қарастыру бойынша сот процестеріне қатысуды, сот актілерінің күшін жою және оларды өзгерту себептерін талқылауды, істердің жеке санаттары бойынша сот практикасымен танысуды қамтитын тағылымдамадан өту жоспарын бекітеді.

Соттық білім берудің негізгі қағидаттарының бірі үздіксіз білім беру процесі болып табылады. Сондықтан кәсіби деңгейді арттыру судья лауазымына кандидаттың тағылымдамадан өтуі сатысынан басталуы тиіс. Қазіргі уақытта болашақ судьялардың соттардағы тағылымдамасының тиімділігін арттыру бойынша жұмыс атқарылуда. Олардың семинарларға, дөңгелек үстелдерге, тренингтерге және жергілікті соттар өткізетін басқа да білім беру іс-шараларына қатысуы жоспарлануда.

Қазақстан Республикасы судьяларының  VI съезінде сот жүйесіне арналған кадрлар  көбінесе Сот төрелігі институтының магистранттарынан қалыптастырылуы тиіс екендігі атап өтілді.

Лауазымға тағайындалу кезінде басымдыққа ие болу үшін магистранттар барлық конкурсанттар арасында ең жоғары дайындыққа ие болуы тиіс.

Қазіргі уақытта алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін мамандандырылған магистратурадағы болашақ судьяларды дайындау деңгейін арттыруға бағытталған шараларды әзірлеу туралы мәселе пысықталуда. Магистранттар екінші оқу жылынан бастап соттарда практикадан өтуі тәртібімен оқу процесін қалыптастыру жоспарлануда. Практика бағдарламасына сот отырыстарына қатысу, сот актілері жобаларын дайындау, істердің белгілі бір санаттары бойынша сот практикасын зерделеу енгізілуі  тиіс.

Осы тәріздес білім беру процесін ұйымдастыру алған теориялық білімдерін магистранттарға уақтылы бекітуге мүмкіндік береді.