Сот жүйесінің жаңа объектілерін салу

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХатпен жіберуХатпен жіберуPDFPDF

Жоғарғы Сот қазіргі кезде сот жүйесінің материалдық-техникалық базасын нығайту үшін ауқымды жұмыстар жүргізуде.

Бұл жұмыстың басты бағыттарының бірі жергілікті соттар үшін жаңа ғимараттар салу, бұрынғы ғимараттарын жөндеу және реконструкциялау болып табылады.

Мәселен, еліміздің сот органдары (соның ішінде Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты ) 345 ғимаратқа орналасқан, оның 326-сы баланста тұр, 15-і өтеусіз негізде жалға алынған, 4-еуі ақылы негізде жалданған.

192 ғимарат немесе 58,2% - 60-шы, 70-ші, 80-ші  жылдары салынған. Соттар орналасқан жалпы алаң 373577,1 м2 құрайды, соттарды орналастыру үшін нормативтік тиесілігі - 520485,3 м2. Осылайша, алаңдардың жетіспеушілігі (авариялық күйдегі ғимараттарды ескергенде) 151165,6м2  құрайды.

Қазіргі кезде жергілікті соттардың бір бөлігі сот төрелігін жүзеге асыруға бейімделмеген, жоғарыда атап өтілгендей, белгіленген талаптар мен нормаларға сәйкес келмейтін, авариялық күйдегі және жалға алынған ғимараттарға, ал кейбір соттар бала бақша ғимараттарына орналасқан.

Ағымдағы жылы республикалыұ және жергілікті бюджеттердің есебінен соттардың 5 ғимаратының құрылысын аяқтау жоспарланып отыр.

Соттарды қазіргі заманғы талаптарға сай келетін ғимарттармен қамтамасыз ету мақсатында 2010 және 2013 жылдар аралығындағы кезеңде 3, 5, 7 және 10 құрамды соттардың ғимараттарының типтік жобалары әзірленді.

Осы бағытты іске асыру үшін типтік ғимараттарды салуды қажет ететін бірінші кезектегі соттардың тізбесі жасалды. Олардың саны үш жылдық кезеңде 74 бірлікті құрайды. 2014 жылы жер учаскелеріне байланыстыруға соттардың 49 типтік ғимараттарына ақшалай қаражат бөлінгенін атап өту керек.

3 құрамды соттың типтік жобасы, жалпы алаңы – 1482,9 м2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5 құрамға арналған сот ғимаратының типтік жобасы, жалпы алаңы – 2920,71 м2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7 құрамға арналған ғимараттың типтік жобасы, жалпы алаңы – 4856 м2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

10 құрамға арналған сот ғимаратының типтік жобасы, жалпы алаңы – 7910,36 м2

 

 

 

 

 

 

Пікірлер мен ұсыныстар